Атырау, 25 сәуір 12:23
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстандықтардың көбі зейнетақысын баспанаға жұмсай алмауы мүмкін

2 339 просмотра


Қазақстан азаматтарының аз ғана бөлігі зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауы мүмкін. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова осындай болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі зейнетақы жинағын пәтерге жұмсау бойынша ұлттық банкпен тығыз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Статистиканы зерделеп жатырмыз. Өкінішке қарай, ол республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік зейнетақының көлемі жыл сайын өсіп бара жатқанын көрсетіп отыр", - деді Ибрагимова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, зейнетке шыққан кезде, әр қазақстандықтың зейнетақысы жалақысының 70 процентін құрауы керек. Яғни, мұндай зейнетақы алу үшін адамның қордағы жинағы да жеткілікті болуы тиіс. Алайда қазақстандықтардың көбінде зейнетақы жинағы мардымсыз.

"Сондықтан, қазір талқыланып жатқан механизм зейнетақы жинағы жеткілікті салымшылардың аз ғана бөлігіне қатысты болатын шығар. Әлі қосымша есептеулер жүргізіліп, мәселе жіті пысықталады", - деді ол.

ТҚЖБ басшысы зейнетақы жинағына қатысты мәселе жан-жақты сараланып, жыл соңына қарай нақтыланатынын айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағын баспана мен білімге жұмсауға рұқсат беру жағын қарастыруды тапсырған еді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

18 қараша 2019, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.