Атырау, 9 қараша 01:03
 дождьВ Атырау +4
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Қытай азаматтарының Қазақстандағы заңсыз әрекеті әшкере болды

2 552 рет қаралды


Қызылорда облысының прокуратурасы Қытайдың 120 азаматы өңірден шығарылғанын хабарлады.

"Қытайдың 120 азаматының жалған диплом бойынша қызмет атқарғаны анықталды. Прокурорлық тексеріс нәтижесінде олар елден шығарылды", - деп хабарлады қадағалаушы орган.

Сондай-ақ, прокуратура заңсыз көші-қон ұйымдастырған Қытайдың екі азаматы туралы айтты.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша департаменті жедел іздестіру шарасын өткізді. Оның қорытындысы бойынша заңсыз көші-қон ұйымдастырған Қытайдың екі азаматы ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкіміне сәйкес, олар бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

18 қараша 2019, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.