Атырау, 1 қаңтар 02:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Барлық жаңалық

Елшілік құрылысындағы ақша жетіспеушілігі алдыңғы жылы анықталған - ҚР СІМ  Қазақстанда

Елшілік құрылысындағы ақша жетіспеушілігі алдыңғы жылы анықталған - ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшіліктің аға есепшісі Асқар Сейдуалиевтың қамауға алынғаны қатысты ресми түсініктеме берді,деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі. 6 қаңтар 2017, 12:51 2 940 рет қаралды
Министрлік тұрғылықты жер бойынша уақытша тіркеуге қатысты сұрақтарға жауап берді  Қазақстанда

Министрлік тұрғылықты жер бойынша уақытша тіркеуге қатысты сұрақтарға жауап берді

Тіркеуден басқа қалаға көшкенде ғана емес, бір елді мекеннен басқасына көшкен уақытта да өту керек. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Таяуда елімізде тұрғылықты жерде тіркеуді міндеттейтін түзетулері бар заң күшіне енген болатын. Осыған байланысты бірқатар сұрақ туындады. 6 қаңтар 2017, 12:43 2 466 рет қаралды
Анкара: Коалицияның әуе базамызды пайдалану шартын қайта қараймыз Әлемде

Анкара: Коалицияның әуе базамызды пайдалану шартын қайта қараймыз

Түркия билігі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияның Сириямен шекараға жақын орналасқан стратегиялық маңызы бар Инжирлик әуе базасын пайдалануын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Коалиция Инжирлик базасын ИМ-ге әуеден шабуыл жасау үшін пайдаланып келген,- деп хабарлады Азаттық. 6 қаңтар 2017, 12:35 2 447 рет қаралды
СІМ: Измирде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ Қазақстанда

СІМ: Измирде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Түркияның Измир қаласында болған жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов. 6 қаңтар 2017, 12:32 2 394 рет қаралды
​«Қазақавтожол» ісі: Жергілікті басшы кепілдікпен босатылды Оқиға

​«Қазақавтожол» ісі: Жергілікті басшы кепілдікпен босатылды

Бүгін, 5 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан «Қазақавтожол» РМК Атырау филиалының директоры Сейітжан МОЛДАШЕВТЫҢ тағдыры туралы сауалымызға жауап келді. Естеріңізге салсақ, «Қазақавтожол» облыстық филиалдарының барлық басшылары ҚР Есеп комитетінің екі аудиторы үшін пара жинады деген Ұлттық бюроның баспасөз хабарламасы жарияланғаннан кейін «АЖ» оны жұмыстан таба алмаған еді. 5 қаңтар 2017, 21:08 3 284 рет қаралды
Ғалымдар: Лас ауа мен көлік шуылы деменцияның дамуын күшейтеді Әлемде

Ғалымдар: Лас ауа мен көлік шуылы деменцияның дамуын күшейтеді

Канада ғалымдары көлік үздіксіз ағылып жүретін үлкен жолдардың бойында өмір сүру адамның ми қызметінің зақымданып, ақыл-парасат кемдігі ауруына (деменция) әкеліп соқтыратынын мәлімдеді. Ғалымдар мұндай қорытындыны Онтарио провинциясының екі миллионға жуық тұрғынын 11 жылға жуық уақыт бойы зерттеу нәтижесінде жасаған,- деп хабарлады Азаттық. 5 қаңтар 2017, 17:00 2 602 рет қаралды
Тегеран: Түркияның Сирияда бітім бұзылды деуі - негізсіз Әлемде

Тегеран: Түркияның Сирияда бітім бұзылды деуі - негізсіз

Иран Түркияның Сирияда Тегеран қолдайтын тараптар бітім шарттарын бұзып жатыр деген мәлімдемесін "конструктивті емес" деп жоққа шығарып, керісінше көтерілісшілерді бітімді бұзды деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. 5 қаңтар 2017, 15:59 1 829 рет қаралды
Қазақстанда Қарулы күштердің ауқымды әскери дайындығы басталды Қазақстанда

Қазақстанда Қарулы күштердің ауқымды әскери дайындығы басталды

Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Қарулы Күштерде экипаждардың, есептоптар мен бөлімшелердің ауқымды дайындығы басталды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 5 қаңтар 2017, 15:41 2 701 рет қаралды
Атырауда толғағы қысқан келіншек құрсақтағы шаранасымен бірге перзентханада көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырауда толғағы қысқан келіншек құрсақтағы шаранасымен бірге перзентханада көз жұмды

Атырауда тағы да ана мен бала өлімі! 32 жастағы Гүлдана Жекенова қалалық перзентханада құрсақтағы шаранасымен бірге көз жұмған. Марқұмның туыстарының сөзінше, 4-ші баласын ауылда емес, Атыраудағы білікті дәрігерлердің қолында босанамын деп келген оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілмепті. Қайғылы оқиғадан кейін кешірім сұрап келген дәрігерлерді қара жамылған отбасы енді сотқа сүйрейміз деп отыр,- деп хабарлады КТК арнасы. Бейнежазба 5 қаңтар 2017, 14:05 3 844 рет қаралды
Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр – СІМ  Қазақстанда

Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр – СІМ

Түркиялық БАҚ-та Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазір мұның анық-қанығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz. 5 қаңтар 2017, 13:06 2 315 рет қаралды
Бішкек: Түркияда ұсталғандардың паспорттары тексеріліп жатыр Әлемде

Бішкек: Түркияда ұсталғандардың паспорттары тексеріліп жатыр

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәліметінше, Түркияда түнгі клубқа шабуылдан кейінгі рейд кезінде ұсталғандардың кейбірінде Қырғызстан паспорты болуы мүмкін. МҰҚК өкілі Рахат Сулаймановтың Азаттықтың Қырғыз редакциясына айтуынша, қазір ұсталғандардан қырғыз паспортының табылғанына қатысты тексеру жүріп жатыр. Ол екі елдің арнайы қызметі өзара байланыста жұмыс істеп жатқанын айтады. 5 қаңтар 2017, 13:02 2 225 рет қаралды
Қазақстанда

Қызыл кітапқа енген арқарды селфи жасау үшін жаралағандар ұсталды

Қарағанды облысында браконьерлер селфи жасау үшін Қызыл кітапқа енген арқардың тұяқтарын сындырған., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі кезде браконьерлер ұсталып, оларға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бейнежазба 5 қаңтар 2017, 12:59 3 416 рет қаралды
Франция Сербияның сұрауымен Косовоның экс-премьерін тұтқындады Әлемде

Франция Сербияның сұрауымен Косовоның экс-премьерін тұтқындады

Франция полициясы Сербияның сұрауы бойынша Косовоның бұрынғы премьер-министрі Рамуш Харадинайды тұтқындады. Харадинай Косовода 1998-1999 жылдардағы соғыста дала командирі болған. Сербия билігі оны сол соғыста әскери қылмыс жасады деп айыптайды. Бұрын Сербияның бір аймағы болған Косово 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған,- деп хабарлады Азаттық. 5 қаңтар 2017, 09:42 2 211 рет қаралды
«Қазақ елі» сериалының алғашқы бөлімі - «Алмас қылыш» прокатқа шықты   Қазақстанда

«Қазақ елі» сериалының алғашқы бөлімі - «Алмас қылыш» прокатқа шықты

Бүгін қазақстандық кинотеатрларда жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша түсірілген «Қазақ елі» жобасының алғашқы бөлімі - «Алмас қылыш» фильмі көрсетіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 5 қаңтар 2017, 09:31 5 019 рет қаралды
4 жыл бұрын 1 қаңтарда Шаханда тұрғын үйдің қазандығы жарылған Қазақстанда

4 жыл бұрын 1 қаңтарда Шаханда тұрғын үйдің қазандығы жарылған

Шахандағы қайғылы оқиға 2012 жылы болуы мүмкін еді, сол уақытта тұрғын үйдің жертөлесі ғана қирап, абырой болғанда, тұрғындар аман қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 5 қаңтар 2017, 09:25 2 005 рет қаралды
Израиль сарбазы палестин азаматын атып өлтірді деп айыпталды Әлемде

Израиль сарбазы палестин азаматын атып өлтірді деп айыпталды

Израиль соты израиль солдаты Элор Азарияға палестин азаматын абайсызда атып өлтірді деп айып тақты. Сержант Элор Азария өткен жылы наурызда Иордан өзенінің батыс жағалауында өзге бір израиль солдаты пышақталған оқиғадан соң палестиндік Абдул Фатах әл-Шарифті жерде қозғалмай жатқан кезінде басынан атып өлтірген. Оның бұл әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған,- деп хабарлады Азаттық. 5 қаңтар 2017, 09:21 1 924 рет қаралды