Амантай АЙТБАЕВ Атырау әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды. Ол «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ басқармасы төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Атырау» ӘКК – бірден-бір акционері облыстық әкімдік болып табылатын өңірлік даму институты. Корпорация арқылы негізінен ауыл шаурашылығын қолдау және дамыту бойынша өте ірі жобалар қаржыландырылады. АҚ-ның жарғылық капиталы 13,3 млрд теңгеге тең.
2008 жылы тағайындалған Айтбаев қалалық әкімдікте қаржылық мәселелер үшін жауап берді. Ол Жанмұрат ЕСЖАНОВТЫҢ орнына жайғасты. «АЖ» ақпараты бойынша, ӘКК-нің бұрынғы төраға орынбасары биылғы жылдың маусымынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған қатысты жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында жұмыстан босатылған. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша оның тікелей басшысы Абат ТАСИМОВ пен бірнеше әріптестері тергеу фигуранттары болып табылады. Басқарма төрағасының міндетін қазір оның орынбасары Нұржан МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ атқаруда.
Жақында Индер ауданының Елтай ауылында облыс әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВТІҢ, аудан әкімі Серік АРЫСТАННЫҢ, «Атырау» ӘКК төрағасы Данияр НИЯЗТАЕВТЫҢ және салтанатты шарадағы басты тұлға, шетелдік мейман Саид МЕССАДИДІҢ қатысуымен «уақыт капсуласын» қалау жөніндегі шараға Тасимовтың қатыспауы осыны түсіндіреді. Өзінің қаржылық құлашты ауқымымен және қиял-ғажайып уәдесі бойынша даулы жоба – біздің облысымызға 234 млн долларды инвестициялауға әзір болған әлдебір француздық Issmat investment&finance компаниясымен жасалған келісімді Тасимовтің өзі өткен жылдан бері жүргізіп келген.
Айтпаевтың орны әзірге бос тұр. Конкурс жарияланды, әкімнің жаңа орынбасарын аппарат жанынан құрылған комиссия таңдайтын болады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА