Атырау, 27 қараша 07:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Телефон соқ та, сыйақы ал

4 114 просмотра


Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділік деңгейі қоғам мен әр азаматтың қатысу дәрежесіне байланысты болады.

2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қабылданды. Соған сәйкес, мемлекеттік орган немесе жеке тұлға өз өкілеттіктері мен азаматтық міндеттері шегінде өз төңірегіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеуге және ашуға қолдау көрсетіп жүрген азаматтар арнайы жасалған механизм бойынша сыйақылармен марапатталып жүр. Бүгінгі күні ықтимал сыйақы мөлшері 70 мың мен 227 мың теңге аралығында.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларға бір реттік ақшалай сыйақы төленеді: сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша 30 АЕК мөлшерінде; кішігірім ауырлықтағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; орташа ауырлықтағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша –70 АЕК; аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК. Ынталандыру сыйлықтарының басқа түрлері де қарастырылады.

Бүгінгі күні Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жалпы 2,2 млн теңгеден астам сомада 15 тұлғаға ынталандыру сыйақысын берді. Осымен қатар, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы Call-center» жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарға тегін кеңес беру және сыбайлас жемқорлық құбылыстар туралы хабарламаларды тіркеу. Кез-келген азамат 1424 нөмірі бойынша қоңырау шалып, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлай алады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті

27 шілде 2017, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.