Финляндия президенті Саули Нийнисте Ресей басшысы Владимир Путиннен украиналық тұтқындарды босатуын сұрады – деп жазады Helsingin Sanomat басылымы.
«Біз Украина жайында сөйлестік. Бұл дағдарыстан шығу үшін Ресей президенті Владимир Путин ең бірінші украиналық тұтқындарды босатуы керек. Бұл бір орынында тұралап қалған келіссөздерге алдыға жылжуға көмегін тигізер еді» - деді Саули Нийнисте Владимир Путинмен кездесуден кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Қазіргі таңда Ресей президенті Владимир Путин ресми іссапармен Финляндия елінде жүр. Путин келетін күні жергілікті билік Савонлинна қаласының тұрғындарына қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне байланысты есік, терезелерін ашпауларын сұраған.
Дереккөз: qazaqtimes.com