Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ислам өркениетінің батыс тарапынан басып алынбаған жалғыз өркениет екенін айтты. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды.
Ердоған осыған дейін мұсылман әлеміне үндеу тастап, әл-Ақса мешітін мұсылмандардың иелігіне өткізгісі келетінін айтқан болатын. Бұл ретте Президент үйінде "Ислам әлемі жоғары оқу алаңының қалыптастыру" тақырыбындағы жиналыста сөйлеген сөзінде Израиль үкіметінің әл-Ақса мешітіндегі металл детекторды алып тастағанын айтты.
Десе де, Ердоған Израильдің металл детекторды алып тастау әрекетінің мұсылмандар мүддесін қорғаудағы жеткілікті іс емес екендігін, жұма күндері мешіт қақпасының мұсылмандарға жабық тұратындағына наразы.
Сөз соңында Ердоған Израиль әкімшілігінің Иерусалимнің Ислами ерекшеліктерін бұзуға тырысқанын қатаң айыптады. Әл-Ақса мешітінің қадірін қорғаудың бүкіл Ислам әлемінің парызы екенін атап көрсетті.
Ол: «Израиль мынаны есте сақтауы керек – бұл әлемде бейбіт өмір сүргіңіз келсе, өзгелерді қорқытудың орнына, өзін және аймақты отқа орайтын саясаттардан аулақ болу керек. Ислам өркениеті батыс тарапынан басып алынбаған жалғыз өркениет», – деді.
Дереккөз: qazaqtimes.com