Атырау, 22 желтоқсан 06:50
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Уланған жұмысшыларды құтқару кезінде өлген азаматтар сот қызметкерлері болып шықты

3 163 рет қаралды

Фото: ТЖК
Шығыс Қазақстан облысында жиналған белгісіз газдың салдарынан 4 адам көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған едік. Кұдыққа түскен екі жұмысшы есінен танады. Үшінші жұмысшы көмек шақырып үлгерген. Сол маңда кетіп бара жатқан екі адам зардап шеккендерді құтқармақ болғанда өздері де қаза болады. Олар сот қызметкерлері екені белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 21 шілде күні болды. Үржар ауылындағы «Казсельбурводстрой» ЖШС-нің екі жұмысшысы су құбыры жолдарын жүргізу кезінде зиянды газға уланып қалады. Үшінші жұмысшының жанайқайын естіген Үржар аудандық сотының қызметкерлері Бақытжан Қайназаров пен Бекзат Курумбаев көмекке жетеді. Алайда, дауыстап шақырған жұмысшыны ғана сыртқа алып шыққан Байназаровтың өзі қалғандарын құтқарамын деп есінен танады. Әріптесі мен қалған екі жұмысшыға көмектесемін деп құдыққа түскен екінші сот қызметкері Қайназаров та газға уланады.

Оқиға орнына жедел жәрдем келгенше сот қызметкерлері мен «Казсельбурводстрой» ЖШС-нің екі жұмысшысы естерін жимастан қаза табады. Қайғылы оқиғаға байланысты ерлікпен қаза тапқан Б. Қайназаров пен Б. Курумбаевтың отбасыларына республика соттары мен ШҚО судьялар қауымдастығы көңіл айтты.

Дереккөз: Baq.kz

28 шілде 2017, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.