
ҰҚКД қызметкерлері тарапынан Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін мен оның орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты тергеу және жауап алу туралы жарияланымдардан кейін ресми түсініктеме берген «Қорғау сөзі» адвокаттық кеңсесінің басшысы Нұрлан Жолболов былай деді:
«Аталған тұлғалардан құқық қорғау органдарының өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша біздің адвокаттық кеңсенің адвокаттарының қатысуымен жауап алынды. Мен қала әкімінің орынбасары да, әкімнің өзі де ұсталмағанын, қазіргі уақытта қызметінде, жұмыстарын жалғастырып жатқанын жауапкершілікпен мәлімдеймін», – деді ол.
Ал басқа адвокат Аслан Жолболовтың айтуынша, М. Мұқасов «қорғау құқығы бар куәгер» мәртебесінде. Оның айтуынша, онымен ешқандай процессуалдық келісім жасалмаған.
Редакциядан: «Қорғау құқығы бар куәгер» деген ұғым ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінде – қылмыс жасаған деп көрсетілген, бірақ әзірге оны күдікті деп тануға жеткілікті негіз жоқ тұлғаның процессуалдық мәртебесін білдіреді.
В Атырау +26.1