Атырау, 5 наурыз 19:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42

12 жастағы алматылық вундеркинд ҚБТУ грантын иеленді

3 291 рет қаралды


12 жастағы алматылық вундеркинд Абзал Мырзаш Қазақ-Британ техникалық университетінің грантын иеленді. Бұл туралы баланың әкесі Дәуренбек Нысанов Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Менің ұлым Абзал Мырзаш бүгін ректордың қолынан ҚБТУ-да грантпен оқуға сертификат алды», - деп жазды ол.

Бақытты әке жоғарғы оқу орны басшылығына ұлына қолдау білдіргені үшін алғыс айтуды да ұмытпады.

Естеріңізге сала кетейік, Абзал Мырзаш биыл мектепті бітіріп, ҰБТ-дан 117 балл алған болатын. Қазақстанның төрт оқу орны баланың жетістіктерін естіп, тегін оқуға мүмкіндік ұсынған. Олардың арасында ҚБТУ да бар.

Дереккөз: Baq.kz

28 шілде 2017, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.