Түркия Еуроодаққа еш уақытта мүше болмайды деп мәлімдеді Австрия канцлері Кристиан Керн.
«Еуропа Түркияның еуроодаққа мүшелігін еш уақытта қабылдай алмайды. Себебі Түркия адам құқығын аяқ есті етудің «қызыл сызығынан» баяғыда өтіп кетті. Анкара Еуроодаққа кіруге талпынысын осымен тоқтатқаны дұрыс» - деді Кристиан Керн Frankfurter Allgemeine Zeitung ақпарат көзіне берген сұхбатында.
Естеріңізге салайық, Еуроодақ пен Анкара қарым-қатынасы 2016 жылы Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысқан азаматтарды ел билігі жаппай қудалағаннан кейін бұзылған болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com