Атырау, 18 тамыз 21:50
 дождьВ Атырау +28
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45

Атырауда

Атыраулықтар Дулат Ағаділмен қоштасты Саясат

Атыраулықтар Дулат Ағаділмен қоштасты

Бүгін, 27 ақпанда, Атырауда оннан аса жергілікті азаматтық белсенділер облыстық орталық мешіт жанына жиналып, 25 ақпанда Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділді еске алып, қоштасу рәсімін өткізді.    27 ақпан 2020, 12:10 5 794 рет қаралды
Атыраулық компаниялар қытай мамандарын шақыртудан бас тартты Басқа жаңалықтар

Атыраулық компаниялар қытай мамандарын шақыртудан бас тартты

25 ақпанда Бейжіңнен Мәскеу арқылы Атырауға 9 қытайлық маман келу керек еді. Оларды «Матен петролиум» АҚ, «Кожан» АҚ және «Praxses» компаниясы шақыртқан. Жұмыс берушілер коронавирустың алдын алу мақсатында олардың қызметінен уақытша бас тартуды шешті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис ТАҢБАЕВАНЫҢ айтуынша, дәрігерлер шақыртудың қайтарылғанын білсе де, сол рейсті күтіп алды. 27 ақпан 2020, 11:52 3 827 рет қаралды
Мүнира Ижанова: «Қыз Жібекке» қосқан үлесім еленбей жүр» Қоғам

Мүнира Ижанова: «Қыз Жібекке» қосқан үлесім еленбей жүр»

Биыл қазақ киносының алтын қорына енген «Қыз Жібек» фильміне – 50 жыл! Әлі күнге дейін әйгілі фильмде «Гәкку» әнін кімнің орындағанын білмейтіндер бар. Бірі Қыз Жібектің ролін сомдаған актриса Меруерт ӨТЕКЕШОВА орындаған десе, енді біреулері «қазақтың бұлбұлы» атанған опера әншісі Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА деп қателеседі... Бейнежазба 27 ақпан 2020, 00:00 6 145 рет қаралды
Мектеп директорларына парақордың барар жерін көрсетті Басқа жаңалықтар

Мектеп директорларына парақордың барар жерін көрсетті

Осы аптада Атырау облыстық Жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен Қылмыстық түзету жүйесі департаменті бірлесіп, қаладағы мектеп директорлары үшін түзету колониясы (УГ-157/9) мен тергеу изоляторына (УГ-157/1) ерекше «экскурсия» ұйымдастырды.   26 ақпан 2020, 15:41 3 731 рет қаралды
«Атырауда коронавирус жұқтырғандарға арналған изолятор ашылды, бірақ ол бос тұр» Басқа жаңалықтар

«Атырауда коронавирус жұқтырғандарға арналған изолятор ашылды, бірақ ол бос тұр»

Тауар және қызметтер қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ Атырауда 5 адам коронавирус күдігімен оқшауландырылды деген әлеуметтік желідегі пайда болған қауесетті жоққа шығарды.  26 ақпан 2020, 14:58 3 826 рет қаралды
Шатырды өрттен қорғайтын құрал да қорғай алмады Басқа жаңалықтар

Шатырды өрттен қорғайтын құрал да қорғай алмады

Махамбет көшесіндегі №121 үйдегі өрт кезінде ең көп зиян шеккен бесінші қабаттағы екі пәтер, қазір олар демеушілердің көмегімен қайта қалпына келтіріліп жатыр. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат ХАБИЕВТІҢ қатысуымен өткен брифингте журналистер 2012 жылы қайтажаңғырту  кезінде өрттен қорғайтын «Негорин» құралымен жабдықталған шатырдың қалайша жанып кеткеніне түсінбестік білдірді. Толықтырылды 26 ақпан 2020, 12:47 2 807 рет қаралды
Төбелеске келіп, келімсектердің үстінен түсті Басқа жаңалықтар

Төбелеске келіп, келімсектердің үстінен түсті

23 ақпанда Атыраудың Нұрсая ықшамауданында екі құрылысшы төбелесіп қалады. Ал оқиға орнына келген полиция тексере келе құрылыс компаниясында 138 келімсектің жұмыс істеп жатқанын анықтаған. 26 ақпан 2020, 12:04 8 879 рет қаралды
Атырауда полицейлер есірткі притонын әшкереледі Басқа жаңалықтар

Атырауда полицейлер есірткі притонын әшкереледі

Полиция департаментінің баспасөз қызметі арнайы жедел әрекет ету жасағының ескі екі қабатты үйдегі пәтерлердің бірінің есігін бұзып кіргені түсірілген бейнежазбаны таратты. Бұл жерден есірткі заттарының ірі партиясы, сондай-ақ, медициналық шприцтердің қораптары табылған.   Бейнежазба 26 ақпан 2020, 14:12 2 642 рет қаралды
«Кез келген өмірге бей-жай қарамайтын адам солай істеген болар еді»  Басқа жаңалықтар

«Кез келген өмірге бей-жай қарамайтын адам солай істеген болар еді»

25 ақпанда кешкі сағат сегізде атыраулық азаматтық белсенділер астананың тергеу изоляторында Дулат АҒАДІЛДІҢ қайтыс болуына байланысты көңіл білдіру мақсатында Исатай-Махамбет алаңына жиналды.  Олар қолдарына оның суретін алып шықты. 26 ақпан 2020, 11:19 3 222 рет қаралды
Сасық сайдың қаңтардағы «жетістігі» Экология

Сасық сайдың қаңтардағы «жетістігі»

«Қазгидромет» РМК сайтында биыл қаңтар айындағы атмосфералық ауаның ластануы туралы айлық бюллетень жарияланды.  Елдегі ауа ластануының ең жоғарғы көрсеткіштері тіркелген 66 фактінің 25-і Атырауға тиесілі және ол 6,7,15,17  және 18 қаңтарда болған. 26 ақпан 2020, 10:48 2 950 рет қаралды
Науқас балаларға қол ұшын беретіндер көбейеді Басқа жаңалықтар

Науқас балаларға қол ұшын беретіндер көбейеді

«БолашақК» қоғамдық қоры балалар мен ересектердің денсаулығын оңалтуға жәрдемдесетін 400-ге жуық адамды тегін оқытуға ниет білдірді. Осы тақырыпқа арналған кездесу қордың кеңсесінде өтті. Оған жергілікті оңалту орталықтарының басшылары, сал ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары, дәрігерлер мен медицина саласының ардагерлері қатысты. 25 ақпан 2020, 23:23 3 195 рет қаралды
Жол жоқ, жарық жоқ Басқа жаңалықтар

Жол жоқ, жарық жоқ

Құлсары қаласындағы «Автожолшылар» ықшамауданының тұрғындары «АЖ» тілшісіне хабарласып, жол мен жарық жөнінде шағымданды. БАҚ өкілдерімен кездесуде олар қала билігінің өз мәселелеріне назар аудармайтынын айтты. Бейнежазба 25 ақпан 2020, 17:16 3 536 рет қаралды
Ішімдік ішкен жүргізушілер қатаң жазаланады Басқа жаңалықтар

Ішімдік ішкен жүргізушілер қатаң жазаланады

Қазақстанның бірқатар заңнама актілеріне айтарлықтай өзгерістер енгізіліп, жыл басынан бастап күшіне енгені белгілі. Атап айтсақ, мас күйінде көлік жүргізгендердің жауапкершілігі күшейді. Енді ішкен  және «желікпе» жүргізушілердің қалай жазаланатындығы туралы Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ әңгімелеп береді.   25 ақпан 2020, 16:51 5 724 рет қаралды
Атырауда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды

24 ақпанда №2 қалалық сотта Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАҒА қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Оған ҚР ҚК 371 бабы, 2 бөлімі («Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соғатын салғырттық») бойынша айып тағылды. Атап айтсақ, бұл жаңа туған нәрестелер өлімі статистикасына қатысты бұрмалауларға байланысты.   25 ақпан 2020, 14:47 3 969 рет қаралды
Қаржы пирамидалары мен ломбардтар: 2 мыңнан астам адам полицияға жүгінді Оқиға

Қаржы пирамидалары мен ломбардтар: 2 мыңнан астам адам полицияға жүгінді

Өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның 13 өңірінде бұрын тіркелген «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард», «Выгодный займ» атты үш ЖШС бір уақытта өз қызметін бастады. Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары Ақтөбе облысының тумалары. Олар аталған компаниялардың заңсыз қызметін ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 25 ақпан 2020, 11:27 3 318 рет қаралды
Некеге тұру да, бұзу да жеңілдеді Басқа жаңалықтар

Некеге тұру да, бұзу да жеңілдеді

2019 жылы «азаматтардың хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді жетілдіру мақсатында» мәжіліс депутаттарының бастамасымен «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы» Кодексінің 50-ден аса бабына түзетулер енгізілді. Маңызды заңнамалық құжатта не өзгерді – бұл туралы Атырау облысы әділет департаменті бөлімінің бас маманы Айгүл АХАТОВА айтып береді. 24 ақпан 2020, 15:57 5 233 рет қаралды
Атырауда жеңіл көлікпен соқтығысқан автобус өртенді Басқа жаңалықтар

Атырауда жеңіл көлікпен соқтығысқан автобус өртенді

Бүгін, 24 ақпанда, Атырауда таңғы сағат 7.00 шамасында Тайманов және Әлиев көшелерінің қиылысында «ПАЗ» автобусы мен армян номерлі Hyundai Sonata автокөлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан автобус өртеніп, түгел жанып кетті. Сурет Бейнежазба 24 ақпан 2020, 15:40 5 482 рет қаралды
Жайықтың түбіне су қоймалары мен бөгеттер жетеді Экология

Жайықтың түбіне су қоймалары мен бөгеттер жетеді

Ресейдің гидрологиялық институтының болжамы бойынша, 2010-2040 жылдар аралығында Жайық өзенінің жылдық ағысы нормадан 10%-ға артып, жылдың суық кезеңінде климат жылып, ылғалдылық көбейеді. Алайда осы уақыттың алғашқы он жылдығы өтсе де, Атырауды суға қарық қылмады. 24 ақпан 2020, 12:50 5 020 рет қаралды
Жоғарыдан бәрі көріне ме? Экология

Жоғарыдан бәрі көріне ме?

Атырауда Қазақстан және Ресей ғалымдары ұшақпен бақылау арқылы есепке алынған итбалықтың алдын-ала көрсеткіштерін бұқараға жария етті. Естеріңізге салсақ, ұшақпен шолу жасауды  2005-2012 жылдар аралығында  NCOC ұйымдастырып, қаржыландырған еді. Кейін түрлі себеппен итбалықты есепке алу жұмысы тоқтап қалды. Ал биыл қайта қолға алынды. 24 ақпан 2020, 12:17 3 523 рет қаралды
Қарабатанда Қытай азаматы инсульт соғып, көз жұмды Басқа жаңалықтар

Қарабатанда Қытай азаматы инсульт соғып, көз жұмды

22 ақпанда таңертең Қарабатандағы Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылыс аумағында 50 жастағы Қытай азаматы есінен танып қалған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 24 ақпан 2020, 10:28 2 937 рет қаралды
...Ішінде ненец те жүр Басқа жаңалықтар

...Ішінде ненец те жүр

Статистика департаменті Атырау облысында халықтың көші-қоны туралы өткен жылғы деректерді жария етті. Келгендер саны 25 569 адам болса, кеткендер саны - 27 461. Сыртқы көші-қон негізінен ТМД елдері арасында болған. 23 ақпан 2020, 01:43 3 198 рет қаралды