Атырау, 14 қаңтар 03:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырауда коронавирус полиция қызметкерлеріне жұқты

6 327 рет қаралды

«АЖ»-ға белгілі болғандай, заңсыз балық аулаған күдікті үш полиция қызметкеріне коронавирус жұқтырды. Күні бұрын Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторында болған 25 жастағы ер азаматтан COVID-19 инфекциясы анықталғанын  ТЖ қамту жөніндегі жедел штаб хабарлаған еді.  

Онлайн-брифинг барысында  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис ТАҢБАЕВА сынама-тест жасалғаннан кейін үш полиция қызметкерінде коронавирус анықталды деп мәлімдеді.

-Қазір полиция қызметкерлері  инфекция жұқтырған күдіктімен бірге №2 облыстық ауруханада (Нұрсая ы/а жұқпалы аурулар ауруханасы)  емделуде, - деді Таңбаева.

Олардан бөлек, үш полицеймен тығыз байланыста болған 27 адам - әріптестері мен туысқандары – анықталып, дәрігерлердің бақылауына карантиндік стационарға орналастырылды.

Осыдан кейін уақытша тергеу изоляторын карантинге жауып, дезинфекция жасады. Ал уақытша қамауда отырғандарды Береке ықшамауданына карантинге жіберді.

«АЖ»-ның ақпарат көздері  №1 қалалық полиция бөлімшесі де (Балықшы) карантинге жабылды деп хабарлады. 

Фархат ӘБІЛОВ

25 сәуір 2020, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.