Атырау, 4 мамыр 11:56
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Covid-19 жұқтырған науқас уақытша қамау изоляторында жатқан​, онымен 27 адам ​байланыста болған

3 966 просмотра

"Covid-19 инфекциясына шалдыққан 25 жастағы атыраулық ер адам бұған дейін уақытша қамау изоляторында жатқан", деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Штабтың хабарлауынша, науқас 16 сәуірде инфекционды стационарға ЖРВИ белгілерімен жеткізілген. Қазіргі уақытқа дейін ол Атырау қалалық полиция басқармасына қарасты уақытша қамау изоляторында болған.

- Бүгінгі таңда науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған 7 адам және байланыста болуы мүмкін 20 адам анықталды. Олардың барлығы ПТР тест сынамаларын тапсырды. Нәтижелері жақын арада белгілі болады, - деп нақтылады Штаб.

Атап өтерлігі, бүгінгі таңда инфекция ошағы оқшауланып, дезинфекция жүргізіліп жатыр.

17 сәуір 2020, 20:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.