Атырау, 18 мамыр 08:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«AМӨЗ станцияларында күкіртсутек мөлшерінің асуы тіркелмеді»

2 646 просмотра

21 сәуірде «Ақ Жайық» газетінде жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де «Қазгидромет» интерактивті картасында «АМӨЗ» ЖШС-не жақын орналасқан ауа сапасын бақылау бекеттерінде күкіртсутегі деңгейінің 5 есе артқаны жөнінде ақпарат жарияланды.

«Қазгидромет» РМК-ға тиесілі атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын бұл бекеттер (бұдан әрі - ЛББ) шоғырлану көрсеткіштерінің нақты нәтижелерін мкг/м3-мен белгілейтінін хабарлаймыз. Ал Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №168 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы гигиеналық нормаларға (бұдан әрі - гигиеналық нормативтер) сәйкес, елді мекендерде атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы мг/м3-мен белгіленген. Яғни, «Қазгидромет» РМК ЛББ нақты концентрациясы мкг/м3-ні мг/м3-ге есептеу әдісімен анықталады.

«Ақ Жайық» газетінің жарияланымында «АМӨЗ» ЖШС-ге жақын ЛББ-де күкіртсутектің асқаны 5 мкг/м3 көрсеткішімен көрсетілгені айтылған. Алайда ҚР нормативтік құқықтық актісіне сәйкес келу үшін бұл көрсеткішті келесі математикалық жолмен мг/м3-ге шығару керек: 5 /1000 = 0,005 мг/м3. Жоғарыда аталған Гигиеналық нормативтерге сәйкес, атмосфералық ауада күкіртсутектің шекті рұқсат етілген концентрациясы 0,008 мг/м3 болды. Басқаша айтқанда, күкіртсутек шекті рұқсат етілген концентрациядан аспады.

Айта кету керек, «AМӨЗ» ЖШС-де зауыттың санитарлық-қорғаныш аймағында орналасқан атмосфералық ауа сапасын бақылайтын төрт автоматтандырылған станция бар. Олар ауадағы ластаушы заттардың, соның ішінде күкіртсутектің құрамы бойынша тәулік бойына бақылау жасайды.

Аталған автоматты станциялар 21 сәуірде зауыттың санитарлық-қорғаныш аймағының шекараларында күкіртсутектің шекті рұқсат етілген концентрациядан асқанын тіркемеді.

«AМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі

24 сәуір 2020, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.