Атырау, 23 желтоқсан 15:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда 82 жастағы ақсақал коронавирустан сауығып шықты

3 427 рет қаралды

Қазіргі таңда коронавирустан айыққан ақсақал облыстық кардиология диспансеріне орналастырылды, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, 82 жастағы емделуші облыстық кардиология диспансеріне жатқызылды.

- Екі жақты пневмония, яғни, өкпенің қабынуын тудырған коронавирус инфекциясы науқастың жүрек-қан тамырларындағы ишемиялық ауруын қоздырып жіберді. Қазіргі таңда науқас кардиостимулятор аппаратына қосылулы, -деді Гүлнафис Таңбаева.

Бүгінгі таңда науқас аритмологтар мен кардиологтардың бақылауында тиісті ем қабылдап жатыр. 

24 сәуір 2020, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.