Атырау, 23 желтоқсан 15:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

COVID-19 вирусын жұқтырған 10 адам Теңіз кен орнының жұмысшылары

5 737 рет қаралды

Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны 98-ге жетті, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

COVID-19 вирусын жұқтырған 10 адам Теңіз кен орнының жұмысшылары. Оның ішінде тоғызы 1996, 1992, 1983, 1992, 1993, 1980, 1979, 1970, 1960 жылдары  туған  ер адамдар, ал біреуі 1989 жылғы әйел адам. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды.

Қазіргі таңда  науқастар  жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

25.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 98 адам анықталды.

25 сәуір 2020, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.