Атырау, 23 қараша 00:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теңіз кенішінен 3000-ға жуық адам шығарылды

Бейнежазба
6 267 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр
Теңіз кенішінен ТШО және өзге де мердігер компаниялардың жұмысшыларын уақытша шығару жалғасуда. Жалпы кеніштен 17 мың адам шығарылады. Оның ішінде, 7191 адам Атырау облысының тұрғындары, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

16 сәуірден бастап Теңіз кенішінен 2868 жұмысшы шықты. Оның ішінде, 1619 адам Атырау облысының тұрғындары. Қазір Батыс Қазақстан облысына — 283, Түркістан облысына - 241, Қызылорда облысына — 166, Жамбыл облысына – 103, Ақтөбе облысына – 455 адам жеткізілді. 

Жұмысшылардың бәрі кеніш аумағынан шықпастан бұрын COVID-19 инфекциясына міндетті сынама тапсырды. Қазір ТШО компаниясы жұмысшыларды тұрақты мекен- жайына жеткенге дейінгі барлық жол шығындарын өз есебінен жүзеге асырып отыр. Ол үшін компания тарапынан автобус, әуе және теміржол көліктері бөлінген. 

ТШО-ның хабарлауынша, кен орнынан өндіріске тікелей қатысы жоқ жұмысшылар ғана шығарылуда. Қазір ол жердегі  өндірістік қызмет қалыпты режимде жалғасуда.

Куәгерлер жолдаған бейнежазба

22 сәуір 2020, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.