Атырау, 27 сәуір 01:35
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам анықталды

4 472 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

COVID-19 вирусын жұқтырғандардың үшеуі 1993, 1987, 1973 жылғы ер адамдар, біреуі 1966 жылғы әйел адам. Олар корнавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Денсаулықтары қанағаттанарлық жағдайда, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. 

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар түгел анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

24.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 88 адам анықталдған. Жазылып шыққандар – 35.

25 сәуір 2020, 00:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.