Экономика Бизнесмендерге «қармақтар» үлестірілді Өткен аптаның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бизнесті жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер үшін тренинг-семинарлар аяқталды. 15 желтоқсан 2010, 00:00 4 167 просмотра
Қоғам Бізде атауы жоқ 700-дей көше бар Облыстық әкімдікте жылжымайтын мүлікті мекен-жай бойынша тіркеу мәселелері жөнінде кеңес болып өтті. Мекен-жай бойынша тіркеу «электронды үкімет» жүйесі үшін қажет. Атырау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Айдос ДӘУКІШЕВТІҢ айтуынша, атаусыз біршама нысандар анықталған. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 860 просмотра
Мәдениет Қазақшаңыз қалай? Қазақ тілін үйрену керек деп бәрі айтады. Тіпті оны айтып келе жатқанымызға 20 жылдан асты. Қазақ тілі туралы заң қабылданып, қазақ тілін дамытуға арналған 2001-2010 аралығындағы он жылдық бағдарлама да аяқталды. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Неге? Өткен аптада «Мен қазақша білемін!» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткен байқау осы сауалға табылған жауап тәрізді. 15 желтоқсан 2010, 00:00 8 908 просмотра
Оқиға Сот Дәулетовті қамауға рұқсат бермеді Кеше қалалық сот Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Марат ДӘУЛЕТОВТІ қамауға алуға рұқсат беру туралы прокуратура өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сол аралықта молдавиялық бизнесмен Сергей КОРНЕГРУЦАНЫҢ жанжалды түрде «түрмеден қашуы» жөнінде кейбір жайттар белгілі болды. 10 желтоқсан 2010, 00:00 3 769 просмотра
Оқиға Департамент бастығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды Сотталушы Сергей Корнегруцаның түрмеден қашу ісін егжей-тегжейлі тергеу ісі жалғасуда («АЖ» № 44, «Прокурорға қашқынның «сыңарын» көрсеткен» жарияланымын қараңыз). Дүйсенбі күні тағы бір тұлға – Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Марат ДӘУЛЕТОВ қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 9 желтоқсан 2010, 00:00 5 681 просмотра
Қоғам «Қария» бозбаланың қасіреті «Қария-бала» Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫҢ тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырмас. Ауыр науқасты бала туралы мақалалар мен бейнесюжеттер жарияланғаннан кейін, оған көпшілік көмек қолын созуға үн қосқан еді. Атап айтқанда, жергілікті билік қаладан пәтер бөліп, ал медицина шенеуніктері ол кәмелеттік жасқа толған соң пластикалық операциясын төлеуге уәде берген болатын. Енді ол бала бозбалаға айналды. Сол кезде берілген уәделер оның әлі есінде. Алайда оларды берген адамдар бұл уәделерді, өкінішке орай, ұмытып та кетті... 9 желтоқсан 2010, 00:00 6 284 просмотра
Басқа жаңалықтар Назар аударыңыз, онлайн-конференция! 23 желтоқсанда сағат 15.00 мен 17.00 аралығында «Ақ Жайық» газетінің www.azh.kz форумында Жылыой ауданы әкімі Рахметолла НҰҒЫМАНОВ және Қызылқоға ауданы әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВПЕН онлайн-конференция өтеді. Аудан жөніндегі және басқа да сумен қамту, газ жүргізу, т.б. маңызды сауалдарыңызды editors@azh.kz, l.suleymenova@azh.kz электронды пошталарына немесе 27-23-68 телефоны бойынша (Лаура Сүлейменоваға) жолдауларыңызға болады. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 381 просмотра
Қоғам Бейнежазбаға ақша үшін түсірген бе? Жетім балалар тәрбиешінің қол жұмсайтындығын жария еткен бейнежазба еліміздің барлық телеарналарынан көрсетілген болатын. Естеріңізге салсақ, оның көрсетілімінен соң жақында облыстық прокуратура алқасы өз жұмысын бастады («ЖС» №46, «Жетімге жібімеген қандай жүрек?»). Осы кезде балалар үйінің директоры мұның бақылаушы орган тарапынан бұрмаланғандығы жайлы мәлімдеді. 9 желтоқсан 2010, 00:00 4 774 просмотра
Қоғам Балабақшалар жаңа орындар күтуде Билік балабақшаларға салынған жалғамаларды жыл аяғына дейін тапсыруға уәде беруде. Алайда жаңа орын бөлуді күтуге тура келеді. Ең алдымен бейресми мәлі-меттер бойынша 40 баладан есептелетін топтардағы бала саны азайтылмақ. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 405 просмотра
Қоғам Балықшыда апатты жағдайдағы 15 үй күрелмек Сейсенбі күні қала маңындағы округтердің әкімдерімен өткізілген кеңес кезінде аймақ басшысы Алмалы селосының кешікпей қалаға қосылатынын, өйткені жеке құрылыс салушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін жердің тапшы болып жатқандығын мәлім етті. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 453 просмотра
Қоғам Мешітте ұрланған машина Өткен жұмалардың бірінде Құспан молда мешітіне намазға келген мұсылмандардың бірінің көлігі қолды болды. Оны заңсыз айдап кеткен 19 жастағы атыраулық жас жігіт қамауда отыр. 9 желтоқсан 2010, 00:00 5 326 просмотра
Қоғам Жүргізуші мен дәрігерлер мүгедек қылған қыз Машина қағып кеткен 20 жастағы қыз дәрігерлердің немқұрайдылығы салдарынан енді ана бола алмауы мүмкін. Оның анасы жазатайым жайтқа себепкер болған жүргізушінің де лайықты жазасын алмағанын айтады. Ол дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймағандығынан баласын емдетудің уақытын өткізіп алғанына шағымдануда. 9 желтоқсан 2010, 00:00 7 345 просмотра
Қоғам АҚШ-тағы кәсіптік білімнің ерекшеліктері Жуырда ЮСАИД бағдарламасы бойынша Қазақстанның бір топ өкілі Американың Калифорния және Невада штаттарында болып, ондағы кәсіптік білім беру жүйесімен танысып қайтты. Соның ішінде Атыраудың кәсіптік білім беру ордаларының мұғалімдері де «Кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбы бойынша тәжірибелік тренингтерден өтті. 9 желтоқсан 2010, 00:00 14 858 просмотра
Қоғам Туу туралы куәлік неге берілмей отыр? Жуырда Малика Дабылова есімді оқырманымыз өзінің төмендегі жағдайын айтып, шағымданған еді: - Мен оралманмын. Отбасыммен елге қоныс аударғанымызға екінші жылдың жүзі болды. Атырау қаласында тұрып жатырмыз. Осында тіркелгенбіз. Өзім Қарақалпақстанда дүниеге келдім. Ұлтым қарақалпақ. Күйеуімнің ұлты қазақ. Төрт баламыз бар. Соңғы екеуін осында босандым. Жақында босанған төртінші сәбиіме туу туралы куәлікті ала алмай отырмын. Себебі, төлқұжатым өзбек тілінде толтырылған. АХАЖ мамандары құжатты қазақ тіліне аударып алып кел, сонда ғана куәлік беріледі дейді. Ал мен осы Атыраудан 2009 жылдың 12-қаңтарында үшінші ұлымды босанған кезде онда құжатты аудару туралы ештеңе айтылмастан еш қиындықсыз туу туралы куәлікті берді. Мен бала күтіміне және көп балалы ана ретінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін тиісті құжаттарды рәсімдегім келеді. Өзім де, жолдасым да жұмыста жоқпыз. Маған қандай ма болмасын жәрдемақы беріле ме? Және ол үшін қандай құжаттар тапсыруым қажет? 2009 жылы және 2010 жылы туылған балаларыма бала күтімінен бөлек босануыма байланысты жәрдемақы беріле ме? 9 желтоқсан 2010, 00:00 9 468 просмотра
Мәдениет «Анашым» 1970 жылдың қараша айы. Тайсойғанның қабағы тұнжыраған мұңлы күзі. Мұңлы болса да тәтті еді-ау сол күз... Қарашаның қара суығынан сабағы солғын тартқан бұйрабас түзгіндер мен ауыл сыртындағы сайларға біткен қызыл қурайлар ара-тұра күздің өкпек желі шайқап өткенде ызыңдап, сыбызғы үніндей бір әуез шығаратын. Көк жүзінен жыл құстарының соңғы керуені қиқулап өтетін. Ал күзгі ауадан ауылдың өзіне ғана тән бір сүйкімді иіс сезілуші еді. Осы бір көріністер сол кездегі жас композитор Сейсенбі Құлмағанбетовке шабыт беріп, ерекше тәтті сезім сыйлайтын. 8 желтоқсан 2010, 00:00 11 695 просмотра
Саясат Депутаттар сапары ЕҚЫҰ саммитін өткізу кезінде қысқа демалысқа жіберілген депутаттар аймағымызға ат басын тіреп, бірқатар кездесулер өткізді. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 969 просмотра
Қоғам «Трамадол» - жастар есірткісі Біздің оқырманымыз дабыл қағуда. Атырау жастары бүгінде қала дәріханаларынан еркін сатып алуға болатын есірткілі «Трамадол» анальгетигін қолдануға әуес екен. 8 желтоқсан 2010, 00:00 15 586 просмотра
Экономика Мұз секілді еріп кеткен ақшалар Жақын арада дүкеннен тауық етін сатып алдым. Үйге келіп, пакетті ашқан кезде тауық етінен бір кесек мұз шықты. Өз тәжірибемді жасаған соң, дүкендерден қатырылған өнімдерді алған кезде, қарапайым мұзды қанша ақшаға сатып алатынымызды есептеп шығардым. Тәжірибеге қатырылған тауық еті, балық, асшаян, жаңадан қатырылған саңырауқұлақ пен құлпынайды алдым. 8 желтоқсан 2010, 00:00 5 668 просмотра
Мәдениет Өзбек ханның монеталары мен әжейдің жасауы Облыстық өлкетану мұражайы қызықты жәдігерлермен толықты. Бұл туралы жұма күні брифингте мұражайдың этнография бөлімінің меңгерушісі Салтанат АБИЛОВА хабарлады. 8 желтоқсан 2010, 00:00 5 340 просмотра
Экономика Астана бюджетті қысқартып тастады Жұма күні, 3-ші желтоқсанда облыстық мәслихаттың 25-ші сессиясы болып өтті. Көптеген басқарма басшылары мен депутаттардың көңіл-күйлерінің қошы болмады. 2011 жылдың бюджеті қомақты түрде қысқартылыпты. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 229 просмотра
Экономика Жаңа жылға - жаңа ережелер Өткен аптада облыстық әкімдікте облыстағы білім беру және денсаулық сақтау саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыға салынды. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 716 просмотра
Қоғам Құлпытастар металл сынықтарына айналды Христиандар қорымына келген ерлі-зайыпты Шатиловтардың қайтыс болған үш туысқанының бейітінде ескерткіштердің жоқ екенін көргенде төбелерінен жай түскендей болды. Бүлікшілер, метал сынықтарын қабылдау қосынына тапсыру үшін тот баспайтын металдан жасалған ескерткіштерді зираттардан тасып әкете бастаған. Зират әкімшілігінің растауынша, Шатиловтардың басындағы жағдай орын алып тұрады екен. 8 желтоқсан 2010, 00:00 5 099 просмотра
Қоғам «Аштық жариялаудан басқа амалымыз қалмады», - дейді мазасы қашқан индерлік кәсіпкерлер Индербор поселкесіндегі «Талап» базарының сауда жасаушылары билік тарапынан қысымшылықтың жиі болуынан саудадан берекет кеткені жөнінде «АЖ» поштасына шағым түсірген болатын. 8 желтоқсан 2010, 00:00 5 696 просмотра
Қоғам Жаңа жылдық акция: АЯЗ АТАЛАРДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ Жаңа жылға дейін әлі де он күннің үстінде уақыт болса да, өзімізді Аяз Атаның елшісі ретінде таныстырған біз облыстық Сабыр Қазыбаев атындағы жетімдер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалаларға арналған №1 интернатқа, есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатына аяқ басқан едік. Балалар бізбен жаңа жылдық тілектерін бөлісті. Барлық ниет білдірушілер осы бүлдіршіндер үшін Аяз Ата немесе Ақшақар бола алады. Белгілі бір сыйлықтар сатып алу жөніндегі өз өтініштеріңізді «Ақ Жайық» редакциясының 27-23-67 телефонына (Анастасия Пастуховаға) қоңырау шалу арқылы қалдыруларыңызға немесе podarok.dedmoroz@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізге болады. №1 облыстық интернатта 70 бала бар, олардың ішінде бастауыш мектеп жасындағы балалар саны – 26. Біз төменгі сынып жасындағы балалардың барлығынан сұхбат алдық. Ал арнайы интернатта жетімдер мен жартылай жетімдер жетеу боп шықты. Асығыңыздар, Жаңа жылға дейін азғана уақыт қалды! Барлық сыйлықтар 27-ші желтоқсанға дейін редакцияға жетсе жақсы болар еді. Сонда біз де балаларға сіздердің сыйлықтарыңызды Жаңа жылға дейін беріп үлгерер едік. 8 желтоқсан 2010, 00:00 11 882 просмотра
Қоғам Никотинді витаминге алмастыр Қыс мезгілінің басталуы – студенттер үшін қызықты оқиғамен есте қалды. Атыраулық үш жоғарғы оқу орындарының аумағында белгісіз біреулер алма таратып жүрді. Кейінірек анықталғандай, қызыл алмаларды кез-келгенге емес, тек шылым шегетіндерге ғана беріпті. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 981 просмотра