Атырау, 15 ақпан 06:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Хакерлер Malaysia Airlines әуе компаниясының сайтын бұзды

2 120 рет қаралды

Өткен жылы екі ұшағы әуе апатына ұшыраған Malaysia Airlines авиакомпаниясының сайтын хакерлер бұзды.

Шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті бұдан бұрын Xbox Live пен Sony Playstation Network онлайн-сервистеріне шабуылдаған Lizard Squad тобы мойнына алды.

Малайзиядағы авиакомпания сайтының басты парағына «404 қателігі - Ұшақ табылмады» деген жазбамен қалпақша мен фрак киген кесіртке бейнеленген. Төменде «Lizard Squad бұзған - киберхалифаттың ресми хабарламасы» деп жазылған. Бұл нені меңзейтінін хакерлер түсіндірмеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы наурызда бортында 239 жолаушы болған Malaysia Airlines компаниясының "Боинг-777" лайнері Үндістан мұхитының үстінен ұшып бара жатқан сәтінде жоғалып кеткен, сондай-ақ осы жылы шілдеде екінші ұшақ Украина шығысындағы қақтығыс аймағында құлап, 298 адам көз жұмған еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

26 қаңтар 2015, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.