Атырау, 29 наурыз 14:56
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Девальвация – мәселені шешетін әдіс емес»

3 725 просмотра

Ресей рублінің, мұнай бағасының құлдырауы және басқа да факторлардың аясында санаға, өкінішке орай, дәстүрлі болып қалған «Девальвация бола ма?» деген сұрақтың орнына «Неге созып жатыр?» деген сауал оралады.

Көңіл күйдің осылай күрт өзгеруін экономикалық шындықтармен және көптеген аналитиктердің пессимистік болжамдарымен түсіндіруге болады. Бұған қоса жақында ҰКП басшысының орынбасары Рахим ОШАҚБАЕВТЫҢ жуырда теңгенің рубльге шаққандағы тарихи курсына (яғни, 1-ге 5) қайтуымыз керектігін айтып өтті. Бұл теңге үлкен девальвацияға ұшырайды деген сөз, әйтпесе отандық өнеркәсіп құлдырайды. Сонымен, девальвация бола ма және ол керек пе? Бұл сауалды біз ҚР Ұлттық банкі төрағасының бұрынғы кеңесшісі, қазір Макроэкономикалық зерттеулер орталығы директоры Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВКЕ (суретте) қойдық.

- Девальвация жалпылай алғанда бізге импортталатын тауарлар бағасының өсуі арқылы және валютамен қарыз алған адамдардың жағдайының нашарлауы арқылы зиян келтіреді. Девальвацияны 5 жылда бір жасасаң, шығындарды реттеуге болады, ал бұл жыл қайталанса, өте жаман. Егер қазір теңгені 20%-ға «жеңілдетсе», барлығы келесі жылы да девальвация болатынын күтіп отырады. Басқа әдіс керек, мен оны «Теңге кепілдігі» мақаламда баяндап бердім.

- Кейбір сарапшылар девалвацияны қазір жасамасақ, болашақта бұл экономикаға, әсіресе банк секторына қатты әсер етеді деп айтып жатыр.

- Мұны қазіргі уақытта девальвацияны күтіп, депозиттерді долларлаудың көбеюіне байланысты ақшаның жетіспеушілігінен айтып жатыр. Алайда бұл күтулерді жоққа шығарып, долларлау деңгейін төмендетудің басқа да тәсілі бар – теңгелік дипозиттерге курстық кепілдік енгізу. Сонда ғана банк секторындағы ахуал тез жақсарады.

- Банктер жар сала айтпағанмен, олардың теңгемен несие беруге құлқы жоқ немесе мүлдем беріп жатқан жоқ...

- Бұл тағы да девальвацияны күту әсерінен. Алайда теңгелік депозиттерге кепілдік енгізсе, несиелеу тез қалпына келеді.

- Сіздің пікіріңізше ҚР Ұлттық Банкі басшысы Келімбетовтің теңге курсының күрт өзгеруі болмайды деген мәлімдемесі нені білдіреді? Біртіндеп жүргізіле ме?

- Иә, көп адамдар бұған көңіл бөлуде. Шынымды айтсам, өзім де валютамыздың біртіндеп құнсыздандырудың жақтасымын, алайда тек теңгелік дипозиттерге курстық айырмашылық кепілдігін енгізгеннен кейін және ілеспе іс-шаралар кешенін жүзеге асырғаннан кейін ғана босатқан жөн.

- Р. Ошақбаевтың пікірімен келісесіз бе?

- Бұл оның жеке пікірі, менің ойымша, қате пікір. Ресейлік импортқа қарсы тұрамыз деп 20% девальвация жасау әдісі мүлдем көмектеспейді. Одан да ҰКП-ның кедендік бекеттерді қайта қалпына келтіріп, Қазақстанда баламалары бар ресейлік тауарларға 80%-дық алым салып, бәсекелес емес тауарларға алым салмау керек деген идеясын енгізуге күш салулары қажет еді. Жалпы алғанда біз Ресейден $15 млрд-қа тауар кіргізіп, оған $5 млрд-қа тауар сатамыз, яғни, Ресей Қазақстаннан $10 млрд-қа жуық табыс көреді.Бұл рубль девальвациясынан бұрын болған нәрсе. Қазір кедендік бекеттерді қалпына келтіріп, бәсекелес тауарларға 2010-2014 жылдардың орта жылдық мәні деңгейінде квоталар енгізу қажет, ал квотадан тыс тасылатын тауарларға инфляцияны шегеріп, 80%-дық алымсалу қажет.Бұл жағдайда Ресей тауарларын бұрынғыша кіргізе береді, алайда қазақстандық өндірушілер  бұрынғы талаптармен бәсекелесуге мүмкіндік алады.

- Кейбір сарапшылар девальвация мәселесі бүгінде экономикалықтан гөрі саяси астарға ие деп айтып жатыр.

- Саясаттың үлесі бар екені рас, өйткені халық жыл сайын күрт девальвация жасау тәжірибесін қабылдамайтыны белгілі. Алайда негізінен бұл – экономика.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

23 қаңтар 2015, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.