Атырау, 21 желтоқсан 00:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда Арон Атабекке бостандық беруді талап еткен жиын өтті

5 282 просмотра

Исатай ауданының тұрғыны Сағығали Қапизов митингте. Исатай ауданының тұрғыны Сағынғали Қапизов митингте. 24 қаңтарда Атырауда 2006 жылы Шаңырақ поселкесіндегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен абақтыда отырған жазушы Арон АТАБЕКТІ қолдау жиыны өтті.

Бұл көп жылдардан соң қалалық билік рұқсат еткен бірден бір "бейформалды" саяси жиын деуге болады. Ол үшін әкімдік қала шетінен, Балықшыдан орын бөлді. Белгіленген уақытта бұл жерге әрбір сөйлеушінің сөзінен кейін "Арон Атабекке бостандық берілсін!" деп ұрандатқан 50 шақты адам жиналды.  Топ арасында "штаттық киімдегі адамдар" -  болып жатқан жиынды  ынталана ұялы телефондарына түсіріп жатқан ер адамдар байқалды. Олар әлсін әлі шеткері шығып, әлдекімдермен телефонмен сөйлесіп жатты.
Сөз алғандардың ортасында - Атыраудың танымал ақыны, филолог әрі аудармашы Бекет ҚАРАШИН болды. Оның айтуынша, ол көп жылдардан бері Арон Атабекті таниды екен:
- Бз әріптеспіз, ол да филолог және сөз өнерінің керемет білгірі, содан соң ол түрік руналарын шындап зерттеумен айналысты. Мен сиқты ол да Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін аударып, кітабын шығарды. Арон сондай-ақ, тамаша бард, көне түрік оқиғалары сарынымен өз өлеңдерін орынаушы. Біз тарихымыз бен көне мәдениетіміз туралы сыр шертісу үшін онымен кездесуді аңсайтынбыз. Саяси көзқарасына келер болсақ, ол кеңес дәуірінде-ақ диссидент болатын. Алматыдағы саяжайларда, Әзірбайжанда жасырынып жүрді. Өзінің әділетсіздікке төзбейтін азаматтық ұстанымы үшін Шаңырақ оқиғасына қатысты. Ол жерде резіңке оқтан жараланады. Ол сол кезде "Молотов коктейлі" тиген полицейді шарпыған отты өшірді. Аронды қателесіп қылмысқа айыптады. Ол кезде оның сол оқиғаларға қатысуы саяси көзқарасынан туындаған еді.  Іс жүзінде ол саяси тұтқын, ар-ождан тұтқыны. Абақтыда отырған жылдарында оның денсаулығы нашарлады, қазір егде тартты, оның түрмеде отырғаны біздің билікті көркейтпейді. Керісінше, оны босату оның беделіне жақсы ықпал етер еді.
Жиынға қатысқандар сондай-ақ өз басылымының жабылуына қарсылық белгісі ретінде аштық жариялаған "Адам бол" журналының бас редакторы Гүлжан ЕРҒАЛИЕВАҒА қолдау білдірді.
- Гүлжан, біз сені өз әкесінің, танымал ақын Хамит Ерғалиевтың қызы ретінде білеміз. Сен шынайы азамат ретінде халыққа ақиқатты жеткізгің келеді, әділдік үшін қайыспай күресіп жүрсің. Сенің журналыңды әрі қарай сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы айтуыңа кедергі келтіру үшін жауып тастады. Біз,  Исатай ауданындағы жерлестерің сені қолдаймыз.  Біз "Адам бол" журналының еркіндігін, Қазақстандағы демократияны қолдаймыз! - деп мәлімдеді Исатай ауданының тұрғыны Сағынғали Қапизов. "Бір журналды жауып, бүкіл халықтың аузына қақпақ бола алмайды", - деп оны жиынның басқа да қатысушылары қолдады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген автор

25 қаңтар 2015, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.