Атырау, 25 қараша 10:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Google басшысы Интернет жойылып кетеді деп болжады

1 473 просмотра

Бейсенбі күні швейцариялық Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум алаңында Жаһандық желінің болашағы туралы сұраққа берген жауабында Шмидт осындай пікірімен бөлісті, деп жазады НТВ.Ru.

 Google басшысы Эрик Шмидт: «Бір ауыз сөзбен жауап берейін – Интернет жойылып кетеді. ІР-адрестер, сізге артылып қойған түрлі құралдар, датчиктер, т.б. заттар тым көп болады, сіз олармен жұмыс істеуге бейімделіп, бар-жоғын аңғаруды да ұмытасыз. Осының бәрі айналаңызда үнемі болады».

Шмидттің айтуынша, Интернеттің болашағына смартфондар мен оларға арналған қосымша бағдарламалар көп өзгеріс әкеледі. Google басшысының айтуынша, бұл нарық мүлде ашық жатыр, деп жазады ТАСС.

Аталмыш пікірталаста Шмидт өзге де тақырыптарды, оның ішінде КХДР-ге жасаған сапары жайын қозғады. Оның айтуынша, ол жақта Интернетке шығатын жол көп болғанымен, роуминг тапшы, ал желімен жұмыс істеу «биліктің қатаң бақылауында». 

Дереккөз: bnews.kz

23 қаңтар 2015, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.