Үндістанның шығысында Бихар штатындағы Аррах қаласында сот ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Әзірге ешбір лаңкестік топ бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
NDTV телеарнасының таратуынша, сот ғимаратындағы жарылысты жанкешті лаңкес ұйымдастыруы мүмкін.
Полицияның ақпаратынша, оқиға салдарынан қаза тапқан әйел сотқа қолдан жасалған жарылғаш затпен кірген екен.
Жарылыстан жапа шеккендердің саны 14 адамға жетіп отыр. Оқиғаның толық мән-жайы әзірге хабарланған жоқ.
Дереккөз: bnews.kz
23 қаңтар 2015, 16:32
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.