Атырау, 28 қараша 03:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мұнай төгілді-2

2 539 просмотра

«ҚазТранОйл» АҚ АМБ Мартыши-Атырау мұнай құбырының 81-шақырымындағы ірі мұнай төгілу фактісі Мұнай төгілді») бойыншаАтырау облыстық табиғат қорғау прокуратурасы экология департаментінің тарапына ұйғарым жолдады.

Естеріңізге салсақ, 16 қаңтарда Махамбет АІІБ қызметкерлері Мартыши кенішінен жүргізілген мұнай құбырының 81-шақырымынан ірі мұнай төгіндісін анықтаған еді. Белгісізқаскөйлер құбырға рұқсатсыз ойық жасаған, содан соң тесікті бітеместен қашып кеткен. Мұнайдың ағуы «ҚазТрансОйл» АҚ АМБ күшімен жойылды.

Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВТІҢ айтуынша, экологтар тарапына «ҚазТрансОйл» АҚ АМБ лауазымды тұлғаларын ҚР ӘҚтК-ның үш бабы бойынша: 25 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастыратын 327-бабы («Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормативтен тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтардың орналастырылуы туралы хабарламау»), қоршаған ортаға тигізілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл қарастыратын 337-бабының 2-тармағы («Жерді бүлдіру», 200 АЕК айыппұл) және 324-бабының 1-тармағы бойынша («Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу») әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарым шығарылған. Экология департаментіне зиян сомасы мен кінәлі тұлғалардың жазасын белгілеу үшін 19 ақпанға дейін мерзім берілді.

Бұдан басқа, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-тармағы («мұнай-газ құбырынан аса iрi мөлшерде қылмыстық топ жасаған ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қаңтар 2015, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.