Атырау, 28 қараша 06:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мұнай төгілді

2 470 просмотра

16 қаңтарда Махамбет АІІБ қызметкерлері Атырау қаласымен шектескен жерден, Мартыши кенішінен жүргізілген мұнай құбырының 81-шақырымынан ірі мұнай төгіндісін анықтады.

Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВТІҢайтуынша, «белгісіз қаскөйлер құбырға рұқсатсыз ойық жасаған», яғни, мұнайды ұрлап, содан соң тесікті бітеместен қашып кеткен. Мұнайдың ағуы «ҚазТрансОйл» АҚ АМБ күшімен жойылды. Бұл компания мұнай төгіндісінің салдарын жоюмен айналысады. Қоршаған ортаға тигізілген зиян мөлшері есептелуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет Қ.Өтеулиевтікі

16 қаңтар 2015, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.