Атырау, 28 қараша 03:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құлбасов жұқпалы аурулар ауруханасын басқарады

2 886 просмотра

Атырау медицинасында кейбір кадрлық өзгерістер болды.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері болған Мұрат ҚҰЛБАСОВ  облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері лауазымына ауыстырылды. Естеріңізге салсақ, бұл аурухана 20 жылға жуық уақыттан бері бұрынғы балалар бақшасының ғимаратында орналасқан, ал осы жылдың мамыр айында NCOC консорциумы қаражатына салынған  Жерұйық ықшамауданындағы жаңа ғимаратқа көшпек Ең соңғы мерзім»).

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ бұл тағайындауды былайша түсіндірді:

- Бұл өте маңызды нысан. Бұл қалалық көп салалы аурухана болады деп шешім қабылдадық. Алдымызда мекеменің материалдық-техникалық базасын жасау, медициналық жабдықтармен жарақтау, кадрлық қызметтерге байланысты үлкен жұмыстар күтіп тұрғандықтан, осындай тәжірибелі маман және ұйымдастырушы Мұрат Құлбасовты осы лауазымға тағайындауды жөн көрдік.

Облыстық аурухананың бас дәрігері міндетін орынбасар болған Сайын ШОМИРОВ атқарып жатыр.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

26 қаңтар 2015, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.