Атырау, 25 қыркүйек 06:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Барлық жаңалықтар

Кипрдегі ахуал тағы бір дағдарыс толқынын тудыра ма? Әлемде

Кипрдегі ахуал тағы бір дағдарыс толқынын тудыра ма?

Осы кезге дейін жер жаннаты болып келген Кипрдің басынан бақ кеткелі қашан. Ал өткен демалыста оның жағдайы тіпті мүшкілдене түсті. Қыршаңқы тілдер мұндағы жағдайға «шегерілген дефолт», «Кипр сойқаны», «әлемдік қаржы дағдарысының жаңа айналымы» деген баға беруде. 22 наурыз 2013, 14:20 1 803 просмотра
Жеттің бе, әз Наурыз! Қазақстанда

Жеттің бе, әз Наурыз!

Берісі 3700, арысы 5000 жылдан бермен тойланып келе жатқан Наурыз мерекесінің кереметтері Низамульдің «Сиясетнама», Омар Хайямның «Наурызнама» туындыларында тамаша өрнектелген. Олар бұл күннің табиғат заңына соншалық сәйкестігімен қоса, орындалатын неше түрлі қызықты салт-жоралғылар жайында да жазып қалдырған. Мәселен, Берунидің жазуынша, Наурыздың бірінші күні таңсәріде аузыңнан әлі сөз шықпай тұрып, үш шай қасық әсел (бал) жеп, үш шырпы жақсаң, барлық ауруыңнан құлан-таза айығасың делінеді. Тағы бір жоралғы: Наурыз күні таңғы намаз алдында аздаған шекер жеп, зәйтүн майымен денесін майлаған адамға, жыл бойына кесел жоламайды делінеді. 22 наурыз 2013, 14:07 4 341 просмотра
Бәйгеге тігілген жер Қоғам

Бәйгеге тігілген жер

Жер телімін нарық бағасынан бірнеше есе арзанға алу мүмкін бе? Егер бұл жер телімдері табиғатта мүлдем жоқ болса, мүмкін. Немесе егер бұл жердің иесі жерге әлі иелік ете алмаса, өз арманыңдағы үйді салатын жерді тиынға сатып алуға болады... Шым-шытырық па? Келісемін. Ендеше, мұны анықтап көрейік... 21 наурыз 2013, 00:00 5 573 просмотра
Жүк көліктері қалаға кіргізіледі Басқа жаңалықтар

Жүк көліктері қалаға кіргізіледі

Қала жолдары ауыр кезеңдерді басынан кешірмекші. 4 ай бойы Маңғышлақ–Атырау-Ресей және Ақтөбе-Атырау-Ресей халықаралық магистралы бойынша жүретін барлық ауыр жүк көліктері мен жеңіл машиналар легі Привокзальныйдағы теміржол өткелін қайта жаңғыртуға байланысты қала көшелеріне бағытталатын болады. 21 наурыз 2013, 00:00 5 714 просмотра
Күйші атында көше бар Басқа жаңалықтар

Күйші атында көше бар

Осыдан екі ай бұрын «АЖ»-ға Коттеджнаякөшесіне танымал күйші Қаршыға АХМЕДЬЯРОВТЫҢ есімін беру туралы хат келіп түскен болатын. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Айжан ҚАРАБАЕВА редакцияға берген жауабында қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 12 мамырдағы шешімімен бұрынғы Усть-Каменогорская  көшесіне Қ. Ахмедьяровтың есімі берілгендігін хабарлаған еді (АЖ №6, 7.02.13 ж. «Көшеге күйші есімін берсек»). 21 наурыз 2013, 00:00 2 670 просмотра
Химия өнеркәсібі жанданды Басқа жаңалықтар

Химия өнеркәсібі жанданды

Бұрынғы Атырау химиялық зауытының тігін цехы кезінде «Қазхим» ЖШС иелігіне өткен еді. Оны 2011 жылы қазақстандық иелерінен әзірбайжандық «Пэра Пластик Групп» холдингі сатып алды. 2012 жылы инвесторлар екі цех ашты, бірі – полимер қапшықтар, екіншісі – пішен байлайтын шпагат жіп дайындау цехтары. Бұл өнімдер Қазақстан мен Ресейден өз сатып алушыларын бірден тапты. «Қазхим» қуаттылығы жағынан полимер қапшық дайындау бойынша Қазақстандағы екінші кәсіпорын болды. 21 наурыз 2013, 00:00 5 799 просмотра
Сорпалық соғым Басқа жаңалықтар

Сорпалық соғым

23 наурыздан бастап үйрек аталықтарын аулау маусымы ашылады. Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы Ғайнет ҚУАНҒАЛИДЫҢ айтуынша, қалада 5 мың жарымнан астам аңшылар бар екен. Көктемгі аң аулауға дәстүр бойынша осылардың үштен бірі дайындалады. 21 наурыз 2013, 00:00 6 654 просмотра
Қой қоздап, қорада шу Қоғам

Қой қоздап, қорада шу

Көптен күткен көгілдір көктем кең далаға ерекшелік сыйлап үлгерген. Жер бусанып, жылылықтың лебі еседі. Далалықтағы ылғалды шөпке бөккен мал атаулы жерден басын алар емес. Қақаған қыстан аман-есен шығып, көктемнің шуақты күндеріне жеткен жан мен мал үшін «арқасын» кеңге салған рахаттанғандық сезім ғана бар. 21 наурыз 2013, 00:00 7 758 просмотра
Өз көрерменін іздеу жолында Мәдениет

Өз көрерменін іздеу жолында

Жуырда Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрының директоры ауысты. Берік ЖӘМЕНОВТЫҢ орнына театрдың бас режиссері әрі көркемдік жетекшіcі Асылбек ЫҚСАН (суретте) келді. Біз театрда ғана емес, телевизия, газет, аударма ісі және кино саласында да біршама жұмыс тәжірибесі бар бұл кісімен әңгімелескен едік. 21 наурыз 2013, 00:00 5 276 просмотра
Бірінші скрипка Мәдениет

Бірінші скрипка

Атыраулық скрипкашы Томирис ТЕМІРҒАЛИЕВА (суретте) жақында Ресейдің Омск қаласында өткен Юрий Янкелевич атындағы ІІІ Халықаралық скрипкашылар байқауында үлкен жетістіктерге жетті. Жас дарын иесі жасы кішілер тобында жеңімпаз атанды. 21 наурыз 2013, 00:00 2 122 просмотра
Талабы таудай балалар Мәдениет

Талабы таудай балалар

Құрманғазы ауданындағы Еңбекші орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жантөре ЖАНБОЛАТОВТЫҢ (суретте) бала күнгі арманы әнші болу еді. Ол осы өнерін «Жарқын болашақ» V республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасында дәлелдеп, «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша жүлделі 1-ші орынға ие болды. 21 наурыз 2013, 00:00 3 048 просмотра
Басқа жаңалықтар

1 сәуірден бастап тыйым салынады

Атырау балық шаруашылығын қорғау инспекциясы бөлімі Атырау қаласының барлық әуесқой балықшыларын Жайық өзеніндегі мұз кеткеннен кейін әуесқой балық аулау үшін тыйым салынған күндер (сейсенбі мен сәрсенбі) алынып тасталғаны жөнінде хабардар етеді. 1 сәуірге дейін күн сайын балық аулауға мүмкіндік бар. 21 наурыз 2013, 00:00 2 698 просмотра
Оқиғалар хроникасы Оқиға

Оқиғалар хроникасы

Наурыздың 12-сіне қараған түні Қызылқоға ауданындағы Мұқыр селосының аурухана қосынына бытыра оғынан аяқтары мен кеудесінен жарақат алған 34 жастағы жергілікті тұрғын және Сағыз селосының 26 жастағы тұрғыны жеткізілді. Наурыздың 15-і күні таңертең Абай көшесіндегі букмекерлік кеңсенің тоналғандығы туралы хабарлама келіп түсті. 21 наурыз 2013, 00:00 3 161 просмотра
Алтын мен сыйақы үшін айқасады Спорт

Алтын мен сыйақы үшін айқасады

Облыстық «Бейбарыс» хоккей командасы ел чемпионатының плей-оф сериясындағы Рудныйдың «Горняк» командасымен ойнаған алғашқы екі кездесуінде жеңіске жетті. Біз «мәмлүктердің» бас бапкері А.А. ИСТОМИННЕН (суретте) команданың қазіргі көңіл-күйі жөнінде әңгімелеуін өтіндік. 21 наурыз 2013, 00:00 2 719 просмотра
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Махамбет ауданы Алмалы селосының оқушылары Көкшетауда өткен 1998-99 ж.т. кадеттер арасындағы қазақша күрестен Қазақстан чемпионатында екі медаль ұтып алды. Мәскеу облысында каратеден Зеленоград қаласының 55 жылдығына арналған ІІІ Бүкілресейлік Ойындары өтті. 21 наурыз 2013, 00:00 4 208 просмотра