Атырау, 26 қараша 22:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Путин халыққа Қиыр Шығыстан тегін жер беруді мақұлдады

1 644 просмотра

Фото: ТАССРесей президенті Владимир Путин елдің әрбір азаматына Қиыр Шығыстан кемінде 5 жылға тегін пайдалануға ауданы бір гектардан аспайтын жер беруге рұқсат ететін заңға қол қойды,- деп хабарлады Азаттық.

Жер тоғыз өңірден - Якутиядан, Хабаровск, Камчатка мен Приморье өлкелерінен, Магадан, Амур мен Сахалин облыстарынан, Еврей және Чукот автономиялық облыстарынан беріледі.

Үй салу үшін немесе шаруашылықпен не кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер алғысы келетін адам тиісті орындарға арыз жазуы керек. Заң бойынша, 5 жылдан кейін ол адамнан жерді пайдаланғаны үшін ақы алынуы мүмкін. Пайдаға аспай жатқан жерді мемлекет қайтарып алады.

Дереккөз: Аzattyq.org

3 мамыр 2016, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.