Бразилия соты WhatsApp қосымшасының жұмысын 3 тәулікке тоқтатып тастады,- деп хабарлады 24.kz
Мұндай үкім шығаруға қосымшаны иелік ететін Facebook компаниясының билікпен әріптестік орнатпауы себеп болған. Олар компаниядан елдегі есірткі айналымына қарсы тергеу кезінде көмек беруді сұраған. Билік өкілдерінің айтуынша, контрабандалық топ мүшелері тасымал жасау кезінде WhatsApp қосымшасын пайдаланған көрінеді.
Дереккөз: 24.kz