Атырау, 6 желтоқсан 20:45
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Лестер» өз тарихында алғаш рет ағылшын Премьер-лигасының чемпионы атанды

2 262 рет қаралды

«Лестер» футбол клубы 2015/2016 жылғы маусымдағы ағылшын премьер-лигасының чемпионы атанды. Клаудио Раньери жаттықтыратын команда өз тарихында мұндай ірі жетістікті алғаш рет бағындырып отыр,- деп хабарлады Мassaget.kz

«Лестер» премьер-лига ойындарының аяқталуына екі тур қалғанда чемпион атанды. Команданың жеңіс тұғырынан көрінуіне «Челси» мен «Тоттенхэм» арасындағы ойынның маңызы жоғары болды. Лондондық клубтар 2:2 есебімен тең ойнап, нәтижесінде «Тоттенхэм» чемпиондық атақтан үміт үзді.

Өткен маусымда «Лестер» бар-жоғы 14-орын алған болатын. Биыл өз тарихындағы ең ірі жетістігін бағындырып отыр.

Дереккөз: Мassaget.kz

3 мамыр 2016, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.