Атырау облысының әкімі Құрманғазы ауданының экс әкімінің жүргізушісін жалған мемлекеттік нөмірмен ұстады. Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ бастамасымен жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды.
29 сәуірде облыс әкімі жаңа аудан әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВТІ таныстыру үшін Құрманғазы ауданына барды. Ноғаев пен өз ісін жалғастырушы әкімді сол кездегі аудан әкімі Амангелді БАРАҚАТОВ қызметтік көлігімен қарсы алмады. Бірақ облыс әкімі басқа нәрсеге таң қалды - Камри 50 көлігінің алдыңғы бамперінде ресейлік стандартта тіркелген нөмірлік белгі, ал артқы жағында - қазақстандық нөмір белгісі болды. Кейінірек бұл ахуал мүлдем күлкілі оқиғаға ұласты. Ресей Федерациясының транзиттік мемлекеттік нөмірінің желімі ажырап, ар жағынан қазақстандық нөмір көрініп қалды. Заң бұзушылықты байқаған облыс басшысы Құрманғазы АІІБ бастығы Жүсіп ТӨРЕҒАЛИЕВТЫ шақырып алды:
- Неліктен заң бұзушылыққа бақылау жасамайсыздар? Егер бұл көлікке аудан әкімі мінетін болса, оған бәрі болады деп, қол тигізбейсіңдер ме?!
Ноғаев заң бұзушылық туралы хаттаманы сол жерде толтыруды талап етті. Осы лауазымға 2013 жылдың наурызында тағайындалып, бүгінде өз қалауымен жұмыстан босатылған ауданның бұрынғы әкімі Барақатов қызметтік көлігінің жөндеуде тұрғанын, бір аптадан бері көмекшісінің жеке көлігімен жүргенін растады.
- Көлік Астраханнан алынған. Көлік құралын тіркегеннен кейін транзиттік нөмірді жүргізуші АІІБ-ге тапсыруға тиіс еді, - деді Ж.Төреғалиев. - Заң бұзушыға ҚР ӘҚтК-тің 590-шы ("Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару") бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс сотқа жолданды, жүргізушіге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл және бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылу қаупі төніп тұр.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА