Атырау, 29 қыркүйек 08:39
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Барлық жаңалықтар

Түркия премьері үкімет құрамын жаңартты Әлемде

Түркия премьері үкімет құрамын жаңартты

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған 25 желтоқсанда коррупциялық жанжалдан үш министр отставкаға кеткеннен кейін үкіметте бірнеше министрдің қайта тағайындалатынын хабарлады. Бұл жайында Азаттық радиосында жарияланды. 26 желтоқсан 2013, 17:02 1 308 просмотра
Сот ауыл шаруашылығы вице-министрі Өміряевті қамауға алуға санкция берді – Қаржы полициясы Қазақстанда

Сот ауыл шаруашылығы вице-министрі Өміряевті қамауға алуға санкция берді – Қаржы полициясы

Сот Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряевті қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа күрес агенттігінің (қаржы  полициясы) баспасөз қызметі.  26 желтоқсан 2013, 16:59 2 399 просмотра
Б.Жәмішев хатшысын ұрған шенеунікті қатаң жазалауды тапсырды Қазақстанда

Б.Жәмішев хатшысын ұрған шенеунікті қатаң жазалауды тапсырды

Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев «өз хатшысын ұрды» деген кінә тағылып отырған шенеунікке қатысты қатаң жаза қолданылады деп отыр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министр осылай мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 26 желтоқсан 2013, 14:57 1 940 просмотра
«Ақ Жайық» лотереясының ұтыс нәтижелері Басқа жаңалықтар

«Ақ Жайық» лотереясының ұтыс нәтижелері

Кеше, 25 желтоқсанда, Д.Нұрпейісова атындағы Мәдениет үйінің залында «Ақ Жайық» газетіне 2014 жылға толықтай жазылған оқырмандар арасында дәстүрлі лотерея ұтысы ойналды. Биыл 2 872 лотерея билеті рәсімделді (жалпы жазылым саны әзірге нақтыланған жоқ). 10 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін 25 лот және 2 000 000 теңгеден 2 лот ойналды (біреуі аудандардағы жазылушылар үшін, екіншісі Атырау қаласындағы жазылушылар үшін). Ұтыс ойыны аяқталғанда құрамына залда отырған еріктілер енгізілген тираждық комиссия мүшелері хаттамаға қол қойып, төмендегідей лоттар нөмірлері мен ұтыс билеттері анықталды: 26 желтоқсан 2013, 00:00 3 256 просмотра
«Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы» ісі бойынша негізгі сот бір айға шегерілді Басқа жаңалықтар

«Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы» ісі бойынша негізгі сот бір айға шегерілді

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ қызметіне байланысты тұлғалар тобын айыптау жөніндегі негізгі сот ісінің күні белгіленді. 26 желтоқсан 2013, 15:13 3 559 просмотра
Қала түтін сасыған ауаның құшағында Экология

Қала түтін сасыған ауаның құшағында

Жыл аяғында Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ (суретте) Атырау тұрғындары үшін сенсациялық мәлімдеме жасады. Облыстың бас мемлекеттік экологы біздің қаламыздың ауасын уландырып, адамдарды шіріген жұмыртқаның иісімен тұншықтырып жатқан кәсіпорындардың атын атап, түсін түстеді. Кешенді зерттеудің алдын ала нәтижелерін (ол «АМӨЗ бен қала маңындағы басқа кәсіпорындардың қоршаған орта мен қала тұрғындарының денсаулығына әсері» деп аталады) Қуанов Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ атына жазылған хатта баяндап берді. 26 желтоқсан 2013, 13:23 10 135 просмотра
Жолаушылар әуежайда болмай қалған рейсті жарты тәулік күтті Басқа жаңалықтар

Жолаушылар әуежайда болмай қалған рейсті жарты тәулік күтті

25 желтоқсан күні таңертең Атырау қаласының әуежайына тіркелуге келген Атырау-Алматы Z92106 рейсінің жолаушыларын әуежай ғимаратында кешке дейін ассыз-сусыз күткізіп қойды. 26 желтоқсан 2013, 15:47 2 903 просмотра
Қазанатты түлетейік! Басқа жаңалықтар

Қазанатты түлетейік!

Алдымыздағы Жылқы жылы біздің өңірде ат спортын дамыту үшін табысты болғалы тұр. Біріншіден, бұрын хабарлағандай, келер жылы Талқайраң ауылында ипподром салынбақ. Екіншіден, жақында Атырауда ұлттық ат спорты клубы ресми түрде ашылды. Облыстық ат спорты федерациясының төрағасы, «Құлагер» шаруа қожалығының жетекшісі Өнербек ЖАНБАЛА тағы бір жағымды жаңалығымен бөлісті: қазір клуб жанынан «Көкпар» командасының құрылғалы жатқанын айтады. Бұл ұлттық ойын ат үстіндегі ұрыстың шарттарына көбі-рек жақын. Осыны ескере отырып, біздің жігіттер Жошы ұлысы, Ноғай және Қазақ хандығының дәстүрін жалғастырушылардың жауынгерлік рухын көрсетеді деп үміттенеміз. 26 желтоқсан 2013, 00:00 8 621 просмотра
2013: Жыл кейіпкерлері Басқа жаңалықтар

2013: Жыл кейіпкерлері

Біз, әдеттегідей, «АЖ» газетін парақтап, өткен жылға қорытынды жасаймыз. Күн сайынғы қарбаласпен жүргенде күйбің тірлік, адамдардың ақымақтығы, біреудің бақыты мен қайғысы ұмытыла береді. Қайғы туралы айтпай-ақ қояйық, күйбің тірлік те ұмытылсын, ал 2013 жылы орын алған жақсы нәрселерді жымия еске алып, жарамсыз қылықтарға күлетін кез жетті. 26 желтоқсан 2013, 00:00 5 836 просмотра
Пойыз құрамындағы өзгерістер Басқа жаңалықтар

Пойыз құрамындағы өзгерістер

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша,  өндірістік қажеттіліктерге байланысты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған келесі жүрдек пойыздардың құрамдары өзгереді: 26 желтоқсан 2013, 00:00 2 080 просмотра
Оқиғалар тізбегі Басқа жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі

Желтоқсанның 19-ы күні кешке белгісіз адамдар жөндеу жүргізгеннен кейін кіреберісте қалған темір есікті ұрлап кеткен. Желтоқсанның 22-сі күндіз Өркен ықшамауданындағы азық-түлік дүкенінде 39 жасар әйел тоналды. 26 желтоқсан 2013, 00:00 1 829 просмотра
Батыстық үлгідегі мектеп. Алғашқы маусым Басқа жаңалықтар

Батыстық үлгідегі мектеп. Алғашқы маусым

Соңғы рет біз фототілшімен бірге Назарбаев зияткерлік мектебіне (НЗМ) 10 қыркүйекте – оқу орнының салтанатты ашылуына барған едік. Оқушылар мен ұстаздардың Gangnam Style-ды билеген бірлескен флешмобтарынан бұл мектептің ауанының өзгеше екені белгілі болды. Дегенмен, әрине, оқуға ерекше көңіл аударылады. Бұл туралы Атыраудағы НЗМ директоры Тавиля Әдиетқызы АКИМОВАМЕН (суретте) әңгімелескен едік. 26 желтоқсан 2013, 00:00 4 415 просмотра
Ат үстінде Басқа жаңалықтар

Ат үстінде

Ондаған шақырымды артта қалдырып, қарлы дала төсінде келе жатқанда алдымыздан біреуді кездестіреміз деп ойламаппыз. Кенет түйеге арба жеккен алғашқы жолаушымызбен кездейсоқ ұшырасып қалдық. Қалың киінген шаруа қызара бөрте ақсия күліп, кетіп барады. Сол бір шаттықтың лебі бізге де әсер етіп, жылқылар ауылында өткен бір күніміз керемет есте қалды. 26 желтоқсан 2013, 00:00 10 701 просмотра
Еріктілер сыйлаған қуаныш Басқа жаңалықтар

Еріктілер сыйлаған қуаныш

Алты жасар Айзада ЖЕКСЕНБАЙ Аяз ата мен Қарша қыздың келуіне мұқият дайындалды: өлең жаттады, әдемі көйлегін киді және өзінің бала тілегінің орындалуын күтті. Ол сыйлыққа қуыршақ, сондай-ақ, түрлі түсті қарындаштар, жылтырақ қаламдары және мектепке қажеттілердің барлығы салынған сөмке алсам екен деп тіледі. Балалар церебралды сал ауруы диагнозы қойылса да, сәби қарапайым жалпы мектепке барғысы келеді. 26 желтоқсан 2013, 00:00 3 265 просмотра