Атырау, 29 наурыз 19:40
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ҰҚК: Мұнай ұрлығына қатысы бар радикалдық топ мүшелері ұсталды

2 944 просмотра

Ақтөбе мен бірнеше облыста бүгін арнайы операция барысында мұнай және мұнай өнімдерін ұрлаумен және заңсыз тасымалдауға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі. ҰҚК сонымен қатар мұнай ұрлаумен айналысқандарды қорғаштаған "радикалды салафилікті ұстанатындардан құралған қылмыстық топ мүшелерінің" де ұсталғанын айтады,- деп хабарлады Азаттық.

ҰҚК ақпаратына қарағанда, 7 желтоқсанда ҰҚК мен коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мен ішкі істер министрлігі бірлесіп Ақтөбе мен бірнеше облыста "мұнай өнімдерін жымқырумен айналысқан" ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесу операциясын жүргізген. Операция барысында күдіктілерден өзге мұнай мен мұнай өнімдері бар авоцистерналар да тәркіленген.

Бұған дейін ақпарат және коммуникация министрлігі Ақтөбеде мұнай өңдеу зауытының аумағында ҰҚК арнайы операция жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Ақтөбе түбіндегі 41-разъезде орналасқан Ақтөбе мұнай өңдеу зауытының аумағы қарулы қоршауға алынған. Қарулы жасақ сарбаздары зауыт территориясына ешкімді кіргізбейді және сыртқа шығармайды. Зауыт маңында мұнай тиеген "КамАЗ" көліктері зауыт маңында иіріліп тұр. Көліктердің бірінің жүргізушісі Азаттық тілшісіне Байғанин ауданындағы мұнай өндіретін мекемелердің бірінен екі күн жүріп бүгін зауытқа мұнай алып келгенін, бірақ таңнан бері ешкім кіргізбей тұрғанын айтады.

ҰҚК қазір күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде және ұрланған мұнайды заңдастырумен айналысты делінген кәсіпорындарда тінту жүргізіп жатқанын айтады.

Дереккөз: Аzattyq.org

7 желтоқсан 2016, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.