Атырау, 5 шілде 11:33
 ашықВ Атырау +37
$ 475.39
€ 513.37
₽ 5.40

Барлық жаңалықтар

«Қария» бозбаланың қасіреті Қоғам

«Қария» бозбаланың қасіреті

«Қария-бала» Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫҢ тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырмас. Ауыр науқасты бала туралы мақалалар мен бейнесюжеттер жарияланғаннан кейін, оған көпшілік көмек қолын созуға үн қосқан еді. Атап айтқанда, жергілікті билік қаладан пәтер бөліп, ал медицина шенеуніктері ол кәмелеттік жасқа толған соң пластикалық операциясын төлеуге уәде берген болатын. Енді ол бала бозбалаға айналды. Сол кезде берілген уәделер оның әлі есінде. Алайда оларды берген адамдар бұл уәделерді, өкінішке орай, ұмытып та кетті... 9 желтоқсан 2010, 00:00 6 152 просмотра
Назар аударыңыз, онлайн-конференция! Басқа жаңалықтар

Назар аударыңыз, онлайн-конференция!

23 желтоқсанда сағат 15.00 мен 17.00 аралығында «Ақ Жайық» газетінің www.azh.kz форумында Жылыой ауданы әкімі Рахметолла НҰҒЫМАНОВ және Қызылқоға ауданы әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВПЕН онлайн-конференция өтеді. Аудан жөніндегі және басқа да сумен қамту, газ жүргізу, т.б. маңызды сауалдарыңызды editors@azh.kz, l.suleymenova@azh.kz электронды пошталарына немесе 27-23-68 телефоны бойынша (Лаура Сүлейменоваға) жолдауларыңызға болады. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 211 просмотра
Бейнежазбаға ақша үшін түсірген бе? Қоғам

Бейнежазбаға ақша үшін түсірген бе?

Жетім балалар тәрбиешінің қол жұмсайтындығын жария еткен бейнежазба еліміздің барлық телеарналарынан көрсетілген болатын. Естеріңізге салсақ, оның көрсетілімінен соң жақында облыстық прокуратура алқасы өз жұмысын бастады («ЖС» №46, «Жетімге жібімеген қандай жүрек?»). Осы кезде балалар үйінің директоры мұның бақылаушы орган тарапынан бұрмаланғандығы жайлы мәлімдеді. 9 желтоқсан 2010, 00:00 4 664 просмотра
Қоғам

Балабақшалар жаңа орындар күтуде

Билік балабақшаларға салынған жалғамаларды жыл аяғына дейін тапсыруға уәде беруде. Алайда жаңа орын бөлуді күтуге тура келеді. Ең алдымен бейресми мәлі-меттер бойынша 40 баладан есептелетін топтардағы бала саны азайтылмақ. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 264 просмотра
Қоғам

Балықшыда апатты жағдайдағы 15 үй күрелмек

Сейсенбі күні қала маңындағы округтердің әкімдерімен өткізілген кеңес кезінде аймақ басшысы Алмалы селосының кешікпей қалаға қосылатынын, өйткені жеке құрылыс салушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін жердің тапшы болып жатқандығын мәлім етті. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 330 просмотра
Жүргізуші мен дәрігерлер мүгедек қылған қыз Қоғам

Жүргізуші мен дәрігерлер мүгедек қылған қыз

Машина қағып кеткен 20 жастағы қыз дәрігерлердің немқұрайдылығы салдарынан енді ана бола алмауы мүмкін. Оның анасы жазатайым жайтқа себепкер болған жүргізушінің де лайықты жазасын алмағанын айтады. Ол дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймағандығынан баласын емдетудің уақытын өткізіп алғанына шағымдануда. 9 желтоқсан 2010, 00:00 7 202 просмотра
АҚШ-тағы кәсіптік білімнің ерекшеліктері Қоғам

АҚШ-тағы кәсіптік білімнің ерекшеліктері

Жуырда ЮСАИД бағдарламасы бойынша Қазақстанның бір топ өкілі Американың Калифорния және Невада штаттарында болып, ондағы кәсіптік білім беру жүйесімен танысып қайтты. Соның ішінде Атыраудың кәсіптік білім беру ордаларының мұғалімдері де «Кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбы бойынша тәжірибелік тренингтерден өтті. 9 желтоқсан 2010, 00:00 14 501 просмотра
Туу туралы куәлік неге берілмей отыр? Қоғам

Туу туралы куәлік неге берілмей отыр?

Жуырда Малика Дабылова есімді оқырманымыз өзінің төмендегі жағдайын айтып, шағымданған еді: - Мен оралманмын. Отбасыммен елге қоныс аударғанымызға екінші жылдың жүзі болды. Атырау қаласында тұрып жатырмыз. Осында тіркелгенбіз. Өзім Қарақалпақстанда дүниеге келдім. Ұлтым қарақалпақ. Күйеуімнің ұлты қазақ. Төрт баламыз бар. Соңғы екеуін осында босандым. Жақында босанған төртінші сәбиіме туу туралы куәлікті ала алмай отырмын. Себебі, төлқұжатым өзбек тілінде толтырылған. АХАЖ мамандары құжатты қазақ тіліне аударып алып кел, сонда ғана куәлік беріледі дейді. Ал мен осы Атыраудан 2009 жылдың 12-қаңтарында үшінші ұлымды босанған кезде онда құжатты аудару туралы ештеңе айтылмастан еш қиындықсыз туу туралы куәлікті берді. Мен бала күтіміне және көп балалы ана ретінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін тиісті құжаттарды рәсімдегім келеді. Өзім де, жолдасым да жұмыста жоқпыз. Маған қандай ма болмасын жәрдемақы беріле ме? Және ол үшін қандай құжаттар тапсыруым қажет? 2009 жылы және 2010 жылы туылған балаларыма бала күтімінен бөлек босануыма байланысты жәрдемақы беріле ме? 9 желтоқсан 2010, 00:00 9 176 просмотра
«Анашым» Мәдениет

«Анашым»

1970 жылдың қараша айы. Тайсойғанның қабағы тұнжыраған мұңлы күзі. Мұңлы болса да тәтті еді-ау сол күз... Қарашаның қара суығынан сабағы солғын тартқан бұйрабас түзгіндер мен ауыл сыртындағы сайларға біткен қызыл қурайлар ара-тұра күздің өкпек желі шайқап өткенде ызыңдап, сыбызғы үніндей бір әуез шығаратын. Көк жүзінен жыл құстарының соңғы керуені қиқулап өтетін. Ал күзгі ауадан ауылдың өзіне ғана тән бір сүйкімді иіс сезілуші еді. Осы бір көріністер сол кездегі жас композитор Сейсенбі Құлмағанбетовке шабыт беріп, ерекше тәтті сезім сыйлайтын. 8 желтоқсан 2010, 00:00 11 456 просмотра
Мұз секілді еріп кеткен ақшалар Экономика

Мұз секілді еріп кеткен ақшалар

Жақын арада дүкеннен тауық етін сатып алдым. Үйге келіп, пакетті ашқан кезде тауық етінен бір кесек мұз шықты. Өз тәжірибемді жасаған соң, дүкендерден қатырылған өнімдерді алған кезде, қарапайым мұзды қанша ақшаға сатып алатынымызды есептеп шығардым. Тәжірибеге қатырылған тауық еті, балық, асшаян, жаңадан қатырылған саңырауқұлақ пен құлпынайды алдым.   8 желтоқсан 2010, 00:00 5 507 просмотра
Экономика

Астана бюджетті қысқартып тастады

Жұма күні, 3-ші желтоқсанда облыстық мәслихаттың 25-ші сессиясы болып өтті. Көптеген басқарма басшылары мен депутаттардың көңіл-күйлерінің қошы болмады. 2011 жылдың бюджеті қомақты түрде қысқартылыпты. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 117 просмотра
Құлпытастар металл сынықтарына айналды Қоғам

Құлпытастар металл сынықтарына айналды

Христиандар қорымына келген ерлі-зайыпты Шатиловтардың қайтыс болған үш туысқанының бейітінде ескерткіштердің жоқ екенін көргенде төбелерінен жай түскендей болды. Бүлікшілер, метал сынықтарын қабылдау қосынына тапсыру үшін тот баспайтын металдан жасалған ескерткіштерді зираттардан тасып әкете бастаған. Зират әкімшілігінің растауынша, Шатиловтардың басындағы жағдай орын алып тұрады екен. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 924 просмотра
«Аштық жариялаудан басқа амалымыз қалмады», - дейді мазасы қашқан индерлік кәсіпкерлер Қоғам

«Аштық жариялаудан басқа амалымыз қалмады», - дейді мазасы қашқан индерлік кәсіпкерлер

Индербор поселкесіндегі «Талап» базарының сауда жасаушылары билік тарапынан қысымшылықтың жиі болуынан саудадан берекет кеткені жөнінде «АЖ» поштасына шағым түсірген болатын. 8 желтоқсан 2010, 00:00 5 538 просмотра
Жаңа жылдық акция: АЯЗ АТАЛАРДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ Қоғам

Жаңа жылдық акция: АЯЗ АТАЛАРДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ

Жаңа жылға дейін әлі де он күннің үстінде уақыт болса да, өзімізді Аяз Атаның елшісі ретінде таныстырған біз облыстық Сабыр Қазыбаев атындағы жетімдер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалаларға арналған №1 интернатқа, есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатына аяқ басқан едік. Балалар бізбен жаңа жылдық тілектерін бөлісті. Барлық ниет білдірушілер осы бүлдіршіндер үшін Аяз Ата немесе Ақшақар бола алады. Белгілі бір сыйлықтар сатып алу жөніндегі өз өтініштеріңізді «Ақ Жайық» редакциясының 27-23-67 телефонына (Анастасия Пастуховаға) қоңырау шалу арқылы қалдыруларыңызға немесе podarok.dedmoroz@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізге болады. №1 облыстық интернатта 70 бала бар, олардың ішінде бастауыш мектеп жасындағы балалар саны – 26. Біз төменгі сынып жасындағы балалардың барлығынан сұхбат алдық. Ал арнайы интернатта жетімдер мен жартылай жетімдер жетеу боп шықты. Асығыңыздар, Жаңа жылға дейін азғана уақыт қалды! Барлық сыйлықтар 27-ші желтоқсанға дейін редакцияға жетсе жақсы болар еді. Сонда біз де балаларға сіздердің сыйлықтарыңызды Жаңа жылға дейін беріп үлгерер едік. 8 желтоқсан 2010, 00:00 11 660 просмотра
Никотинді витаминге алмастыр Қоғам

Никотинді витаминге алмастыр

Қыс мезгілінің басталуы – студенттер үшін қызықты оқиғамен есте қалды. Атыраулық үш жоғарғы оқу орындарының аумағында белгісіз біреулер алма таратып жүрді. Кейінірек анықталғандай, қызыл алмаларды кез-келгенге емес, тек шылым шегетіндерге ғана беріпті. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 846 просмотра
Актер Ержан ЖҰМАТОВ: «Кешімді өткізу идеясы - Алладан келген бұйрық» Мәдениет

Актер Ержан ЖҰМАТОВ: «Кешімді өткізу идеясы - Алладан келген бұйрық»

Ержан ЖҰМАТОВ – облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының актері. Ол ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» пьесасы бойынша құрылған спектакльде қазақ вальсінің королі Шәмшінің рөлін сомдады. Жақында оның жеке шығармашылық кеші өтті. Бір көрермен әзіл мен лирикаға, махаббатқа толы бенефисте: «Ержан десе Шәмші ағамызды, Шәмші аға десе Ержанды еске түсіретін болдық» деді. Олай болса, біз актермен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. 8 желтоқсан 2010, 00:00 10 771 просмотра
Назарбаев: Басқа ұйымдармен ықпалдастықты нығайту ЕҚЫҰ басты міндеті болып табылады Саясат

Назарбаев: Басқа ұйымдармен ықпалдастықты нығайту ЕҚЫҰ басты міндеті болып табылады

Қарама-қайшылықты шешу, сенім мен ықпалдастықты нығайту таяудағы он жылға ЕҚЫҰ басты міндеті болып табылады, деп есептейді Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 3 желтоқсан 2010, 00:00 4 954 просмотра