Атырау, 26 қараша 11:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әскерлерде жауынгерлік әзірлік кенеттен тексерілуде

2 756 просмотра
19 қарашаға қараған түнде Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығы бойынша қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.Н. Тасмағамбетов Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің жай-күйін күтпеген тексеру жүргізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Тексеру барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, Аэроұтқыр әскерлер мен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері дабыл бойынша көтеріліп, жоспарланбаған аудандарға шығарылды. Барлығы бұл іс-қимылдарға 3 мыңнан астам адам, 400 бірлік әскери техника және 36 авиациялық техника қатысты.

Әскерлердегі маневрлерді ҚР Қорғаныс министрі және Бас штабтың өкілдері бақылады.

Жасалған екікүндік тексеру барысында құрамалардың ұтқырлығы және олардың алыс қашықтықтарға күштерді жедел жеткізуге қабілеттілігі тексерілді. Полигондарда атыс және тактикалық-арнайы міндеттерді пысықтау жүргізілді.

Бұл іс-шаралар командирлер мен штабтардың жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейлеріне келтіру, шоғырлану ауданына шығу әзірліктің жоғары деңгейлеріне келтіру, шоғырлану ауданына шығу кезіндегі іс-қимылдарына баға беру үшін өтуде. Сондай-ақ бұл әскерлерді жедел өрістеткен және жауынгерлік даярлық жоспары бойынша қолданған жағдайдағы материалдық-техникалық құралдардың жай-күйін, жеткілікті бар болуын және мұқтаждығын айқындау үшін қажет.

ҚР Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов: «Қорғаныс министрлігі Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасы бойынша күтпеген тексерулерге негізделген түрлі іс-шаралардың үлкен кешенін өткізеді. Жоспардан тыс тексерулер бүгінгі таңда армияның жауынгерлік әзірлігін тексерудің ең тиімді әдісі болып отыр», - деп түсіндірді.

Қарулы Күштерді осылайша тексерудің қорытындысы ретінде жедел жиналыс өткізіліп, онда бөлімдер мен құрамалар жауынгерлік әзірлігінің негізгі нәтижелері баяндалды. ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасына сәйкес оқу-жаттығудың жалпы талдауы мен қорытындысын Бас штаб Қорғаныс министрлігінің алқасында баяндайтын болады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

21 қараша 2014, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.