Атырау, 26 қараша 11:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР Бас прокуратурасы Сириядағы террорды насихаттайтын бейнероликке қатысты мәлімдеме таратты

1 620 просмотра

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2014 жылғы 22 қарашада Интернет желісінде Сирия аумағында жүрген және террористік ұйымдар жағында соғыс әрекеттеріне қатысып жатқан қазақстандық азаматтар көрсетілген бейнеролик туралы ресми мәлімдеме таратты. 

 «Зерделеу роликтің мазмұны террористік әрекетке қатысуды насихаттауға және ақтауға бағытталғанын көрсетті. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына сай терроризмдi насихаттауға және ақтауға жол берiлмейдi. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес терроризмді насихаттауға тыйым салынған», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Бас прокуратура «Байланыс туралы» Заңның 41-1-бабының негізінде 2014 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне аталған роликке кіруді оқшаулау, сондай-ақ оны сот тәртібінде заңсыз деп тану және Қазақстан аумағында таратуға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау туралы ұйғарым енгізіп отырғанын да жеткізді.

«Уәкілетті орган осы прокурорлық қадағалау актісін орындау жөніндегі шараларды қабылдауда. Дей тұрғанымен, жекелеген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары байланыс құралдарын және желілерін пайдалана отырып, қарастырылып жатқан құқыққа қайшы бейнематериалды таратуды жалғастыруда. Құқықтық салдарлардың туындауын болдырмау үшін Бас прокуратура жоғарыда келтірілген заңдардың нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді және жоғарыда аталған роликті немесе оның жекелеген эпизодтарын таратудан бас тартуды ұсынады», - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Дереккөз: BAQ.KZ

24 қараша 2014, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.