Атырау, 29 желтоқсан 19:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Ресейден әкелінген ұнға фитосанитарлық бақылау: Құрманғазы ауданындағы тексеріс нәтижелері

Бейнежазба
83 рет қаралды

Құрманғазы ауданында Ресей Федерациясынан импортталған 20 тонна бидай ұнына карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізілді. Тексеру тағайындалған орында жүзеге асырылды, деп хабарлады аудандық аумақтық инспекция.

Іс-шара барысында мамандар фитосанитарлық сертификаттарды, ілеспе құжаттарды қарап, автокөлік деректерін салыстырды. Нәтижесінде өнімде карантиндік нысандар мен бөгде организмдер жоқ екені анықталып, қолданыстағы фитосанитарлық талаптарға толық сәйкес келетіні расталды.

Сонымен қатар ұнның сақталу жағдайы да тексерілді. Қойма нормативтерге сай деп танылды: ғимарат құрғақ әрі желдетілетін, өнім паллеттерге қойылған және еденмен жанаспайды.

Бақылау қорытындысы бойынша карантиндік фитосанитарлық тексеріс актісі рәсімделіп, өнім иесіне тапсырылды.

Мамандар мұндай шаралар фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ел аумағына қауіпті организмдердің енуін болдырмауға бағытталғанын атап өтті.


Бүгін, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.