Герреро штатының студенттері Мексика президенті Энрике Пенье Ньетоға отставкаға кету туралы шешім қабылдауына алты күн уақыт берді. Ол осыдан 2 ай бұрын жоғалған 43 студенттің ісіне қатысты болып отыр, деп хабарлады «РИА Новости».
«Proceso» басылымының жазуынша, жексенбі күні студенттер Герреро штатының әкімшілік орталығындағы екі радиостансаны бірнеше сағатқа басып алып, эфирге шыққан. Онда мемлекет басшысының отставкаға кетуіне алты күн уақыт беретінін хабарлаған. Бұл талап орындалмаған жағдайда олар ел бойынша жаппай қозғалыс ұйымдастырылатынын айтқан.
Жастар студенттердің жоғалғанына 26 қарашада 2 ай болатынын еске салып, билік іздеу шаралары туралы жалған ақпарат таратып отырғанын да ескерткен.
Дереккөз: ҚазАқпарат