Атырау, 29 желтоқсан 20:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Қарашығанақ ГӨЗ құрылысы: ҚМГ мен Қытайдың CITIC компаниясы базалық қағидаттарды айқындады

95 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен Қытайдың CITIC Construction Co., Ltd компаниясы арасында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу бойынша ынтымақтастықтың базалық қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.

Құжатта жобаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары айқындалды. Атап айтқанда:

  • жобаның құнын бағалау;
  • қажетті жабдықтар жиынтығын анықтау;
  • ынтымақтастық салаларын белгілеу.

Сонымен қатар тараптар жобалық құжаттаманы (FEED) әзірлеуге көшуге, тиімді техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді іздеуге және осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Бұл келісім Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық серіктестікті жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам ретінде бағаланып отыр. Қарашығанақ ГӨЗ жобасы еліміздің газ өңдеу саласын дамытуға, экологиялық талаптарды сақтауға және өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Бүгін, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.