Атырау, 27 қараша 21:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау-Доссор тас жолындағы өткел құны 600 миллион

2 376 просмотра

«Өткел дайын, бірақ...» жарияланымынан кейін (АЖ, №46, 13.11.2014 жыл) редакцияға «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС басқармасының төрағасы Сәдуақас МЕРАЛИЕВ хабарласты.

Кездесу барысында ол бірақатар сұрақтарға, соның ішінде, Атырау-Доссор тас жолындағы (Қарабатан маңында) өткел құны туралы жауап берді.

Өткел болашақ интеграцияланған газ-химия кешенінің (ИГХК) «ИГХК-не кірме темір жол, теміржол стансасы, өткел» инфрақұрылым нысанының құрамына кіреді. Оны Батыс Қазақстан облысының Ақсай поселкесінде орналасқан «ЖелДорСервис» ЖШС салды.

5 нысаннан тұратын (кірме темір жол, «Заводская» теміржол стансасы, «Қарабатан» теміржол стансасын кеңейту, айналма көлік жолы, өткел) бүкіл инфрақұрылым кешенінің құны қосымша құн салығын қосқанда 7,1 млрд теңге шамасын құрайды. Жобалау шығындарын қосқанда өткел құрылысы қосымша құн салығымен қосқанда 600 млн теңгеден сәл астам сомаға шыққан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткелдің дайын екеніне қарамастан, ол тек бүкіл инфрақұрылым кешенінің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана пайдалануға беріледі. Нысанды жұмыс комиссиясының қабылдауы (мемлекеттік қабылдау комиссиясынан бұрын –Л.С.), Мералиевтің айтуынша, биылғы жылдың желтоқсанынан жоспарланған. Өткел республикалық маңыздағы тас жолда орналасқандықтан, мемлекеттік қабылдаудан кейін ол ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Көлік жолдары комитетінің құзырына беріледі.

- Жол төсемінің еніне қатысты ескертулерге келер болсақ, мен ол жаққа өз мамандарымды әлденеше рет жібердм, бәрі де бірауыздан оның нормаға сәйкес екенін растап отыр, - деді Мералиев.

- Өткелдің дайын болғанына бір жылдай уақыт болды, кешенге баратын айналма көлік жолы да, сіздің айтуыңызша, дайын болған. Басқа инфрақұрылым нысандары қалай?

- Теміржолдың орналасқан жері біздің бүкіл жобамыз «жылжығандықтан» әлденеше рет өзгерді. Біз «Ұлттық мұнай-химия технобағы» еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) алаңында жалғыз емеспіз. Қазіргі кезде осы жерде тағы үшжоба жүзеге асуда: полиэтилен өндірісі (KLPE ЖШС), бутадиен өндірісі («Бутадиен» ЖШС) және полимерлі үлдір өндірісі («Полимер Продакшн» ЖШС). Оларды жобалау есебімен біздің және бүкіл өндіріске арналған ортақ инфрақұрылым нысандары алты рет өзгерді. Ал мердігер мерзімдерді жобадағы өзгерістерге байланысты түзетті. Соңғы рет өзгеріс ЕЭА басқару үшін шақырылған сингапурлық «Jurong International Holding Pte» компаниясы жүзеге асырған қайта жобалаудан кейін жасалды. Қалай еткенде де осы инфрақұрылым нысандарын салуға белгіленген мерзімге үлгереміз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

24 қараша 2014, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.