Атырау, 5 мамыр 03:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Өткел дайын, бірақ...

4 646 просмотра

Бірнеше ай бұрын Атырау – Доссор тас жолындағы өткел құрылысы (Қарабатан маңында) аяқталған еді, алайда автокөлік өту үшін әлі жабық тұр. Халық арасында оны құрылыс кезіндегі олқылықтар үшін пайдалануға қабылданбапты деген сыбыстар айтылуда.

Атап айтқанда, тәжірибелі көлік жүргізушілер өткелдегі жол жабынының ені жеткіліксіз екенін байқаған. Олардың бағалауынша, ол жерден екі көлік әрең өтеді екен. Ал бұл республикалық маңыздағы тас жол. Бұрын БАҚ-тарда, соның ішінде республикалық басылымдарда хабарланғандай, өткел құрылысының құны 7,1 млрд теңгені құрайды.

Комментарий алу үшін біз Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешені (ИГХК) құрылысының бірінші кезеңінің операторы - KPI (Kazakhstan Petrochemikal Indastries Inc.) ЖШС-не хабарласқан едік. Бұл өткел – оның инфрақұрылымдық нысаны. Біздің сауалымызға KPI ЖШС басқармасының төрағасы Сәдуақас МЕРАЛИЕВТІҢжазбаша жауабында айтылғандай, бұл нысан кешенге апаратын кірме темір жолдар құрылысын салу процесінде республикалық маңыздағы А-27 «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» көлік жолының қозғалысына бөгет болмас үшін салынған.

«Өткел құрылысының олқылықтары туралы ақпарат шындыққа сай келмейді: төсемнің ені, басқа да жобалық параметрлер ҚР нормативтік құжаттардың талаптарына сай келеді. Бүгінде өткелді пайдалануға беру әзірлігі 100 пайызды құрайды. Бірақ нысан біртұтас инфрақұрылым нысаны - «ИГХК-не кірме темір жол, теміржол стансасы, өткел» кешені құрамында ғана іске қосылады. Оның тапсырылу мерзімін мемлекеттік қабылдау комиссиясы нақтылайды. Құрылысқа 7,1 млрд теңге жұмсалды деген ақпарат та шындыққа сай емес. Өткел Мемлекеттік сараптама ұсынған құн шеңберінде тұрғызылды», - деп хабарлады С. Мералиев.

Жауапта мердігер туралы сұрағымыз елеусіз қалған, сонымен қатар құрылыс құны да құпия күйде қалды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 қараша 2014, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.