Атырау, 26 қараша 11:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аммиак Қостанай облысында мектептен балаларды эвакуациялауға себеп болды

2 019 просмотра

Қостанай облысындағы мектептердің бірінде төтенше оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 20 қараша күні оқушылардың бірі ауаға көз жасаурататын газ шашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Соған байланысты №23 мектептің алғашқы ауысымында сабақтар тоқтатылды.

Мектептің әкімшілігіне оқушылардың бірінің әкесі дәлізден ащы түтін шығып тұрғанын айтқан. Директор оқушыларды қосалқы есік арқылы эвакуациялауды ұйғарады, содан кейін оқиға туралы полицияға хабар берген. 

"Күндіз 12.00 шамасында кезекші бөлімге мектепте газ иісі шығып тұрғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы, СЭС пен төтенше жағдайлар департаменті өкілдері барды. Оқушылар эвакуацияланды, көз жасауратқыш газдың сынамасы алынды. Бүгін СЭС мамандары аммиак концентрациясы табылғанын айтты, қазір тергеуалды тексеру жүріп жатыр, мектепте аммиактың пайда болу себептері анықталатын болады", - деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина. Қазір мектепте сабақтар түгел тоқтатылды.

Мұның алдында Қостанай облысындағы бір мектепте балалар жаппай уланып қалған еді. Аудандық ауруханаға мектеп асханасынан тамақтанғаннан кейін өзін жайсыз сезінген 50-ге жуық бала мен алты мұғалім түскен болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 қараша 2014, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.