Атырау, 18 мамыр 23:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Құбайдуллиннің ісі қосымша тергеуге жіберілді

2 948 просмотра

21 қарашада – №2 қалалық сотта қаржы полициясы департаментінің ғимаратында Исатай АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИНДІ заңсыз ұстаған қаржы полицейлерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғандығы туралы атышулы қылмыстық істі қарау басталғаннан кейін тура бір айдан соң судья Зәуре ҚАЗАҚБАЙ істі қосымша тергеуге жіберді.

Естеріңізге салсақ, қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері – аға тергеуші Айбат САРИН мен сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 1-бөлім бастығы Бауыржан ЕРТАЕВ ҚР ҚК-нің 308-бабы бойынша («Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану») айыпталуда («Исатай АІІБ-нің бұрынғы бастығының өлімі туралы іс бойынша сот басталды»).

Қылмыстық іс биылғы жылдың сәуірінде қаржы полициясы пара алды деген күдік бойынша ұстаған, содан кейін құрылыс алаңында өлі күйде табылған Исатай АІІБ бастығы А.Құбайдуллиннің өліміне қатысты қозғалған болатын Полицейдің өлімі: Қылмыстық іс қозғалды»).

№2 сотта хабарлағандай, сот екі тараптың адвокаттарынан – жапа шегуші мен айыпталушылардың отбасыларынан түскен қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы өтінішхатты қанағаттандырды.

Құбайдуллиндер отбасының адвокаты Ахмет СЫРЫМНЫҢ айтуынша, атап айтқанда, қосымша тергеу барысында аталмыш іске тағы қанша тұлғаның қатысты екендігі және қаржы полициясының қызметкерлері жағдайы нашарлап кеткеннен кейін ауруханаға жеткізген соң ұсталушы Құбайдулиннің ол жерден қалай ғайып болғаны туралы сұрақтарға жауаптар табылуы тиіс.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 қараша 2014, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.