Атырау, 27 қараша 16:43
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Полицейдің өлімі: Қылмыстық іс қозғалды

5 136 просмотра

28 сәуірде облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, полиция Исатай АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИННІҢ мүрдесінің табылуына қатысты ҚР ҚК-нің 102-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық істі тергеу үшін арнайы есеп жүргізу прокуратурасына жіберілді.     

Сондай-ақ, Құбайдуллиндер отбасының адвокаты Мақсот ТӨЛЕНБАЕВ «АЖ»-ға облыстық прокуратураның осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы («Заңсыз ұстау») бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Прокуратурадан хабарлағандай, қылмыстық іс қаржы полициясының нақты лауазымды тұлғаларға қатысты емес, Құбайдуллинді ұстау мен оның мүрдесінің табылу фактісі бойынша қозғалған.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 сәуір 2014, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.