Атырау, 24 сәуір 00:05
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Исатай АІІБ-нің бұрынғы бастығының өлімі туралы іс бойынша сот басталды

5 158 просмотра

Қаржы полициясының айыпталушы қызметкерлері.Қаржы полициясының айыпталушы қызметкерлері.21 қазанда №2 қалалық сотта судья Зәуре ҚАЗАҚБАЙДЫҢ төрағалығымен қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері – аға тергеуші Айбат САРИНГЕ және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 1-ші бөлім бастығы Бауыржан ЕРТАЕВҚА (суретте) қатысты ҚР ҚК-нің 308-бабы бойынша («Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану»)

қылмыстық істі қарау басталды.

Естеріңізге салсақ, қылмыстық іс биылғы жылдың сәуірінде пара алды деген күдікпен қаржы полициясы ұстаған, кейін құрылыс алаңында өлі күйде табылған Исатай АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИННІҢ өліміне қатысты қозғалған болатын Полицейдің өлімі: Қылмыстық іс қозғалды»).  

Зардап шегуші отбасының адвокаты Ахмед СЫРЫМ сот отырысы басталар алдында журналистерге: «Біз Құбайдуллиннің конституциялық құқығы бұзылған деп есептейміз және сотта дәлел ұсынамыз. Өздеріңіз көріп отырсыздар, зардап шегушінің отбасы мүшелерінің (Құбайдуллиннің жесірі Ақжібек САБЫРҒАЛИЕВА бірнеше рет талып қалып, оған жедел жәрдем шақырды – М.С.)қандай күйге түсіп отырғанын. Олар Құбайдуллиннің өліміне кінәлілер лайықты жазасын алса дейді. Сот бәрін анықтайды деп ойлаймын. Егер қаржы полициясы қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, оларға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беруі мүмкін. Біздер қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы өтінішті дайындап қойдық. Біз қылмысқа тек осы жерде қазір айыптаушылар орындығында отырғандар ғана емес, қаржы полициясы департаментінің басшылығының да қатысы бар деп есептейміз. Өйткені, бұл қылмыс адамдар тобымен жасалған».

Құбайдуллиннің жесірі Ақжібек САБЫРҒАЛИЕВА.Құбайдуллиннің жесірі Ақжібек САБЫРҒАЛИЕВА.Ал осы уақытта сотталушылардың адвокаты Сарин мен Ертаевқа қатысты олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді.

Сот отырысы барысында куәгер ретінде жауап алынған қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Заңғар ЗАҢҚАНОВ мемлекеттік айыпталушыға наразылығын білдірді:

«Неліктен сіз қаржы полициясы Құбайдуллинді ұстады деп қайталай бересіз, біз оны тұтқындаған жоқпыз! Ол департамент ғимаратында қолкісенсіз еркін қозғалып жүрді, фойедегі диванда отырды, маған кіріп шықты. Мен оған өз кінәсін мойындауды, оның қылмыстық ісін жеңілдетілген тәртіппен қарауды ұсындым. Жыл басынан бері біз ҚР ҚК-нің 311-бабы («Пара алу») бойынша 11 қылмыстық іс қозғадық және ешкімді тұтқындаған жоқпыз».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор және Қанат ЕЛЕУОВ

21 қазан 2014, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.