Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаев ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте жергiлiктi БАҚ құралдары оған босаңсымауға және мәселелерге жан-жақты қарауға көмектесетiндiгiн атап өттi.
«Бiз нағыз iстiң адамымыз, бос сөзге әуес емеспiз. Түсiнесiз бе?! Павлодар облысында өте белсендi тiлшiлер жұмыс iстейдi, бұл маған ұнайды. Себебi маған жүйенi қалыптастыруға күш салып жүрген өңiр басшысы ретiнде «feat-back» ақпараты - халықпен керi байланыс орнату өте маңызды. Журналистер осы тұрғыда мәселелердi басқа қырынан тануға көмектеседi. Менiңше, бiз жұмыла жұмыс жасай аламыз», - дедi ол.
Дереккөз: ҚазАқпарат