Атырау, 26 маусым 11:43
 бұлттыВ Атырау +24
$ 467.29
€ 501.03
₽ 5.35

Барлық жаңалықтар

Сегіз жылғы сергелдең Қоғам

Сегіз жылғы сергелдең

Индер ауданының түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру үшін биыл тағы да 140 шақырымдағы Махамбет селосына баруға мәжбүр. Бұған ата‑аналар қанша қарсылық білдіргенімен сегіз жылдан бері бұл мәселеге билік басындағылар көзжұмбайлық танытуда. 4 мамыр 2011, 16:48 3 655 просмотра
Басқа жаңалықтар

Бір абзацпен

Мереке алдындағы «Құқық тәртібі» операциясының барысында полицейлер ескі базар ауданында шағын наубайханада заңсыз жұмыс жасайтын Өзбекстанның 6 азаматын ұстады. «ҚР аумағына келу тәртібін бұзғандары үшін олар елден шығарылатын болады, ал, кәсіпкердің шетелдік жұмысшы күшін жұмысқа тартуға рұқсаты болмаған»,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. 4 мамыр 2011, 18:54 2 183 просмотра
Қоғам

Өндірісте қиылған өмірлер

Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын өндірістік зақымдар мен аурулардан 2,5 млн. адам қайтыс болады екен. Қазақстанда өндірістік зақымнан 2009 жылы 346 адам, 2010 жылы 363 адам қаза болған. Атырау облысында 2010 жылы 60 қайғылы оқиға орын алып, 8 адам қаза болған, 57 адам жарақат алған. Бұл цифрлар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған семинарда айтылды. 4 мамыр 2011, 15:48 2 915 просмотра
Сталинді пір санаған Басқа жаңалықтар

Сталинді пір санаған

Иосиф Сталинді пір санайтындар әлі де бар. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар немесе тылда еңбек еткендер «көсемге» тіл тигізгендерді ашық жақтырмайды. Индер ауданы Аққала селосының тумасы Қабден Жаймақов қарт көсемнің бюстісін өз ауласының төрінде «ұстап» отыр. 4 мамыр 2011, 16:24 3 739 просмотра
Басқа жаңалықтар

Айналма көпір қайта жөнделмек

Айналма көпір бойынша қозғалыс шектелді. 1-ші наурыздан бастап «Атырауинждорстрой» ЖШС «ОблТасЖол» КМК тапсырысы бойынша Жайық арқылы өтетін бұл өткелді қайта жабдықтауға кірісті. Жұмыс құны - 900 миллион теңге, тапсыру мерзімі-осы жылдың 31 желтоқсаны. 4 мамыр 2011, 19:28 2 781 просмотра
Үздік театр ұжымы анықталды Мәдениет

Үздік театр ұжымы анықталды

Сәуірдің 27-сі мен 29-ы күні аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында «Шынайы шымылдық» атты драма ұжымдарының байқауы болып өтті. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген бұл байқауда халықтық атағы бар сегіз театр және «халықтық» атағынан үміткер үш театр ұжымы, сондай-ақ, «Кең Жылыой» мәдениет үйі жанындағы оркестр өнерлерін көрсетті. 4 мамыр 2011, 14:46 7 692 просмотра
Дидар тағы да алтын ұтты! Спорт

Дидар тағы да алтын ұтты!

Естеріңізде болса, «Қайсар» спорт клубының 16 жастағы шәкірті Дидар БОЛАТОВ Еуропа чемпионатына үміткерлерді іріктеу кезеңіндегі ақпанның 28-і мен наурыздың 1-і күні аралығында Астана қаласында ересектер арасында муайтайдан өткен  республикалық чемпионатында ҚР-ның чемпионы атанған болатын. Енді міне, ол тағы да чемпион атанып, елге алтын арқалап қайтты. 4 мамыр 2011, 14:57 4 863 просмотра
Пикетшілерді полицейлердің  «Нивасымен» алып кетті (толықтырылды) Қоғам

Пикетшілерді полицейлердің «Нивасымен» алып кетті (толықтырылды)

25-сәуірде облыстық әкімдік үйіне кірер есік алдында төрт адамнан құралған топ пикетке шықты: 40 жастағы мұғалім Райхан Әлиханова өзінің үш баласымен биліктен өзінің басындағы тұрғын үй мәселесін шешіп беруді талап етті. 27 сәуір 2011, 15:48 2 888 просмотра
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым Экология

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым

Чехов атындағы негізгі мектептің оқушылары көктемнің келуін тағатсыздана күтеді. Алғашқы жаймашуақ күндер басталған сәтте олар мұғалімдерімен бірге еңбек сабақтарында өздері жасаған құстардың ұяларын мектеп ауласындағы теректерге ілуге асығады. Содан соң оған қонған құстарды шынайы қызығушылықпен бақылайды. 28 сәуір 2011, 12:56 12 092 просмотра
Қоғам

Дәрігер қызметіне шағымды тәуелсіз сарапшылар қарайды

Денсаулық сақтау саласындағы өрескел фактілермен бетпе бет келген оқырмандар редакцияға тұрақты шағымданып отырады. Шағымдардың басым бөлігі негізді боп келеді. Таяу уақытта Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің шағымдары бойынша медициналық сараптама жасауды тәуелсіз сарапшыларға сеніп тапсырыпты. 28 сәуір 2011, 13:41 3 592 просмотра
Сәнқой Наташа және басқалары Қоғам

Сәнқой Наташа және басқалары

Оның аңқылдаған да ашық күлкісі «Дина» базарындағы барлық сауда жасаушылардың назарын өзіне еріксіз аударады. Бұл - сәнқой Наташа. Оны бұл жерде білмейтін адам жоқ. Ол ерекше мейірімді және адамдармен тез тіл табысады. Сатушы қыздар оны өздерінің сөрелеріне шақырып, әңгіме-дүкен құрса, ерлер жағы оны көлденең  бейбастақтардан қорғайды. 28 сәуір 2011, 14:46 3 417 просмотра
Ислам жайлы ақиқатты айқындайтын экспедиция Басқа жаңалықтар

Ислам жайлы ақиқатты айқындайтын экспедиция

Еліміздің аймағында ислам дінінің кең таралуына ықпал еткен тұлғалардың еңбектерін зерттеу экспедициясы өз жұмысын бастады. Оның құрамында отандық телеарна журналистерімен бірге киногерлер мен актерлар, сонымен қатар, Астанадағы ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының қызметкерлері де бар. 28 сәуір 2011, 14:49 3 254 просмотра
Иммундау апталығы өтті Басқа жаңалықтар

Иммундау апталығы өтті

Облыстық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті сәуірдің 23-і мен 30-ы аралығында «Жалпыға ортақ қауіптен бірлесіп қорғану» атты иммундау апталығын өткізген болатын. Осыған орай, мамандар сәуірдің 26-сы күні «Жайық-ақпарат» баспасөз клубында жұқпалы аурулардың алдын алу вакцинациясының тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ақпарат беруге тырысты. 28 сәуір 2011, 14:42 5 449 просмотра