Атырау, 5 желтоқсан 10:06
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Әйелін ұрып өлтірді

3 289 рет қаралды

22 қаңтарда тал түсте Атырау қаласының 33 жастағы тұрғыны өз әйелін жұмыс орнында өлтіріп тастады.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ол 35 жастағы жұбайының жұмысына (әйел Әбілқайыр хан көшесінің бойында орналасқан ЖШС қоймасында еңбек еткен) келген. Олар сөйлесуге аулаға шығады. Ұрыс-керіс барысында күйеуі әйелін кеудесінен «өткір затпен» ұрған, әйелі сол жерде көз жұмды. Төбелерінен жай түскендей болған әріптестері полиция шақырып, қылмыскер сол бойда ұсталды. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бейресми ақпарат бойынша, ерлі-зайыптының үш баласы бар екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 қаңтар 2015, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.